Тұңғыш президент қоры үздіктерді марапаттады
Бүгін Тұңғыш Президент қорында ғылым, өнер және ақпарат саласында оқ бойы озық шыққан өз ісінің шеберлері марапатталды. Шығармашыл жастар кеңесіне жүзден артық жұмыс түскен. Соның ішінде республика бойынша 17 адам лауреат атанды.
Автор: Елгүл Нұғман
31.01.2014
Жеңімпаздар арасында опера әншілері Жұпар Ғабдуллина мен Болат Есімханов, үздік балет бишісі Дмитрий Сушков та бар. Қатарынан бесінші рет ұйымдастырылып отырған шарада дәрігерлер, физика, химия саласының да білгірлері шет қалмаған. Ең үздік сәулетші атағын Мемлекеттік археология және этнография музейінің авторы Қанат Қорғанов иеленді. Лауреаттардың қатарында ақпараттық бағдарламалар аталымы бойынша әріптесіміз Алексей Шахматов үздік шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!