С-300 зымыран кешені Батыс пен Шығысқа қойылуы мүмкін
Қазақстан Қарулы күштері жойқын техникамен толығады. Мәскеу елімізге 5 бірдей С-300 зениттік зымыран кешенін тегін бермек. Бүгін Астанада қос мемлекеттің Қорғаныс істер министрлері осындай келісімге қол қойды.
Автор: Ербол Сейілхан
31.01.2014
Ресей С-300 зениттік зымыран кешенін биыл жеткізіп бермек. Бұл техника әуе шабуылынан қорғануға арналған. Ал радарлары кеңістікті бұзған кез-келген ұшақты айна-қатесіз көрсетеді. Тіпті жүздеген шақырымдағы нысанды атқылап, күлін көкке ұшыратын қауқары бар. Қазір елімізде, дәл осындай 5 кешен бар. Ол Алматы, Астана мен Шымкент маңында орналасқан. Ал Мәскеуден жеткізілетін С-300 зениттік зымыранның бірі Батыстағы Ақтауға, екіншісін Шығыс аймаққа шоғырландыру жоспарланып отыр. Қалғаны да өз орнын табуы тиіс. Осы мәселе бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресейдің қорғаныс істері министрі Сергей Шойгудің кездесуінде жан-жақты талқыланды. Астана мен Мәскеу қазір біріккен әуе қорғанысын құруға әзірленіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!