{metadescription}
0:000:00
Атақты хоккейші әйелінің өліміне кінәлі ме?

Атақты хоккейші әйелінің өліміне кінәлі ме?

Өскеменде Ольга Огурешникованың туыстары істі қайта қозғауды талап етуде. 8 ай бұрын белгілі хоккейші Сергей Огурешниковтың әйелі үйдегі жанжалдан кейін тоғызыншы қабаттан секіріп мерт болған. Тергеу – «суицид» деп қысқа қайырып, істі жылы жауып тастаған-ды. Бірақ, марқұмның туыстары келтірілген дәйектермен келіспей отыр.

-Бұл Ольганың жұмыс кабинеті, мынау үстелі. Біз оны жақсы көретінбіз. Ұмыта алар емеспіз...

Әдемілікке жаны жақын Ольганың мына жұмыс орны әлі күнге дейін бос тұр. Тырнақ сәнінің шебері болған ол қалтасы қалың хоккейшінің әйелі атанса да, еңбек етіп, өз бетінше ақша тауып жүрген. Сондықтан кәмілетке толмаған баласын тастап, терезеден секіріп кеткеніне туыстары сенбей отыр.

Светлана Гаврилова, марқұмның әпкесі:

- Бәрінен бұрын қабырғамызды қайыстырғаны - Ольганы «суицидке барды» деп істі жауып тастағандары. Сіңілімнің өмірге құштар, ақжарқын адам болғанын мен ғана емес, таныстары түгел растай алады.

30-ға енді толған келіншек мына үйде, тоғызыншы қабатта тұрған. Тура сегіз ай бұрын сәуірде Ольга жұбайымен бас құрағандарына бір жыл толғанын атап өтуге әзірленіпті. Бірақ, пәтер ішінде аяқ асты не болғанын ешкім түсіне алмай отыр.

Лира Островская, марқұмның құрбысы:

- Екеуі сөзге келіспей, арты төбелеске ұласқан тәрізді. Себебі, бізге тергеушілер неге Ольганың аяғында бір-ақ шұлық болғанын, саусағының тырнақтары түп етімен қалай жұлынғанын және басындағы жарақаттың неден екенін түсіндірген жоқ. Сергей абайсызда құрбымызды өлтіріп алып, терезеден лақтырып жіберген сияқты. 

Сот медициналық сараптама құжаттарында келіншектің денесінің сау жері жоқ екені жазылған. Жұлынған тырнақтары мен бас сүйегіндегі үлкен жарақаттың қайдан пайда болғаны тергеу қорытындысында көрсетілмепті. Марқұмның құрбылары осы сауалдарға әлі жауап іздеп келеді.

-  Өзіне қол салды дегенге ешкім сенбейді. Өмір бойы сенбей өтеміз.   

Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қылмыстық құрамы жоқ болғандықтан іс қысқартылды. Шешімнің заңдылықтары прокуратураға жіберелді. Егер олар қандай да бір қателіктер тапса,  қайта тергеу амалдарыжүргізілуі тиіс. 

-Марқұмның туыстары енді іске прокуратураның араласуын талап етіп отыр. Ал жұбайының қисынсыз қиылған өміріне еш қатысым жоқ, айтқандары «жала» деп хокейшінің өзі жауапты қысқа қайырды. Сергей Огурешников қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр екен. Осыдан болар, қақпашы ресейлік клубтың құрамынан да шығып қалыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.