12 жүк көлігін атына тіркеткен белгісіз қаңғыбасқа іздеу жарияланды
Қарағандыда Еуропадан жалған құжаттарымен келіп тіркелген 12 жүк көлігі анықталды. Барлығы Абай аудандық жол полициясында бір қаңғыбастың атына тіркеліп, ел ішіне тарап кетіпті.
Автор: Саят Сабдалы
31.01.2014
Сол көліктердің бірін сатып алған адам, оны қайта тіркеуге қоюға келгенде осындай жәйтқа тап болған. Техниканың келген жағынан анықтама сұратқанда, көліктің ресми түрде шекара аспағаны анықталыпты. Әзірге мамандар осындай 12 машинаның бесеуін елдің бірнеше облыстарынан тауып тәркілеген. Қалғаны іздестіріліп жатыр. Көлікті шекарадан өткізгендер мен техниканы өз атына тіркеткен қаңғыбасқа да қазір іздеу жарияланды. Ал жалған құжаттармен жеткізілген машинаны тіркеуге алған жол полицейлеріне қатысты 2 бірдей қылмыстық іс қозғалды. Алаяқ жол сақшылары осы арқылы кеден салығынан жалтарып, қазынаға 180 млн теңге шығын келтірген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!