{metadescription}
Спорт жаңалықтары
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Қазақстандық  теннисші Зарина Дияс, Майамидегі ірі турнирдің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетуде. Жартылай сында жерлесіміз италиялық Камила Джорджиден басым түсті. Алдағы ақтық сында Заринаға  ресейлік Варвара Флинк қарсы тұрады.  Осы бәсекеде жеңіске жеткен теннисші негізгі сетта бақ сынауға мүмкіндік алады. 

 

Шайбалы хоккейден ел чемпионатында плей-офф кезеңінің жартылай  финалдық  бәсекелері одан әрі жалғасуда. Павлодарға жолы түскен  Теміртаудың «Арыстаны»  жергілікті «Ертістің» екпініне төтеп бере алмады. 

Овертаймға ұласқан алғашқы бәсеке 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Бірінші кездесуде едәуір  қарсылық көрсетіп баққан қонақтар, келесі күні  ірі есеппен жеңіліс тапты. Матчты ширақ өткізген павлодарлық хоккейшілер  «Арыстанның» қақпасына жауапсыз төрт гол өткізді. Бүгінгі бәсекеде   Патрик Свитана, Петер Фабуш, Денис Клемешов және Хуна Рихардтың қанжығалары майланды. Алғашқы екі бәсекеден кейін серияда алға шыққан  «Ертіс» плей-офтың келесі кезеңіне бір табан жақындай түсті. 

 

КТК арнасында үлкен футбол! Бүгін түнде чемпиондар лигасының 1/8 кезеңі аясында қос кездесу жоспарланған. “Реал” “Шалькені” қабылдаса, “Галатасарай” сыр алаңда “Челсимен” өзара мықтыны анықтамақ.

Мадридттық команда ширек финал мәселесін алғашқы матчта шешіп тастаса, Жозе Моуринью шәкірттері үшін барлығы бүгінгі бәсекеде белгілі болады. Стамубулда жергілікті “Галатасараймен” 1:1 есебімен тең тарқасқан лондондықтар қарымта кездесуге тас түйін дайын. Роберто Манчини баптайтын “Галатасарай” футболшыдары да “Стемфорд Бриджда” барын салары анық. Олардың арасында “Челсидың” жарқын жұлдызы болған Дидье Дрогба да бар. “Челси” мен “Галатасарай” арасындағы матчты сіздер біздің арнадан Астана уақытымен түңгі сағат 1:45 те тікелей эфирде көре аласыздар.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде