{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе облысында жүздеген тұрғын алаяққа алданып қалды

Ақтөбе облысында жүздеген тұрғын алаяққа алданып қалды

Ақтөбе облысында шағын несие беру мекемесінің басшысы 80-ге жуық тұрғынды сан соқтырып кетті. Олардың құжаттарын сыртынан пайдаланып, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан ақша алған. Енді Шұбарқұдық ауылының тұрғындары алаяқтың кесірінен қарыздар болып, баспаналарынан айырылғалы отыр. Ал ауылды жарылқауға тиісті қор қаржы қайтарылмайынша, халықтың құжатын бермеуге бекінген.

-Осы 2010 жылға дейін төлеген бүткіл квитанциям қолымда тұр, міне. Анықтамасы бар бухгалтердің қарызы жоқ деген.

Шұбарқұдық елді-мекенінің әрбір бесінші тұрғыны қолына осындай түбіртектерін қыстырып, құзырлы мекемелердің табалдырығын тоздырып жүр. 2007 жылы ауылдан «Сәт» деген шағын несие беру мекемесі ашылғанда, халық жаппай үйлерін кепілге қойып қарыз алған. Кейін сол берешектерін уақытылы төлегенімен, төрт жылдан бері құжаттары қолдарына тиер емес. Себебі, аталған мекеме басшысы олардың атынан ауыл шаруашылығын қолдау қорынан өзіне несие алыпты.

Ақбұрыш Сұлтанова, Шұбарқұдық кентінің тұрғыны:   

-Мойнымда 20 миллион ақша бар екенін білгенде  сол жерде талып құлап қалдым. Қазір инфаркт алып жүрмін содан.

Шұбарқұдықтың 78 тұрғыны әлгі несие беретін мекеменің басшысы Қалиолла Бөлековті сотқа берді. Шағымданушылардың көптігінен судья істі төртке бөліп қарап жатыр. Ал аталған мекеме ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының көмегімен ашылған. Тұрғындардың үй құжаттарын қайтармай, кепілге ұстап отырған да – осы қор.

Әлия Жолдасова, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе филиалы директорының орынбасары:

-Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кепілдегі үйлерді сата алар еді. Бірақ тұрғындардың жайын түсініп, ешқандай шара қолданып отырған жоқпыз. Себебі, «Сәт» шағын несие ұйымы біздің қордан барлық міндеттерді өтеймін деп үшінші адамдардың құжаттарын кепілдікке салып несие алды. Алынған ақша төленсе, құжаттарды қайтарамыз.

-Тұрғындар соттан үйлерінің құжатын қайтып беруін сұрап отыр. Сонымен қатар төрт жыл бойы құр сандалтып қойғаны үшін әрбіріне шағын несие беру мекемесі басшысынан моралдық шығынды өтетуді талап етуде. Бірақ сот отырысының ұзаққа созылатын түрі бар. Себебі, 78 жәбірленушінің арызын тыңдауға біршама уақыт керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде