Алматы Наурызбай батыр атындағы ауданмен толықты
Алматы тағы бір ауданмен толықты. Бүгін қалалық мәслихаттың шұғыл өткізілген сессиясында осындай шешім қабылданды. Сөйтіп, Наурызбай аты берілген жаңа аймақ шаһардың 8-ші ауданы болып тіркелді.
Автор: Құралай Пионер
02.07.2014
Қазақ батырының есімін иемденген аудан көлемі 7 мың гектарды құрамақ. Оған Әуезов ауданының бір бөлігі мен облыстың Қарасай ауданынан қала балансына өткен біраз жерлері қосылмақ. Жалпы халық саны 150 мыңнан асады. Ал су жаңа ауданға Қуаныш Қашқымбаев басшылық етеді. Ол бұған дейін қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы болған. Оңтүстік астана аумағының ұлғаюын кезінде Президенттің өзі қолдаған еді. «Бұл өз кезегінде тұрғын саны 1 жарым миллионнан асқан мегаполистің экономикалық-әлеуметтік бірқатар меселелерін тиімді шешуге мүмкіндік бермек», - дейді қала әкімі Ахметжан Есімов. Шахар аумағына Алматы облысынан соңғы рет қосылған 23 мыңнан астам гектар аумақты дамытуға 3 миллиард 300 миллион теңге бөлінген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!