{metadescription}
0:000:00
«Гүлнар Тур»  Түркияға демалуға барған 300 адамды тағы  тентіретті

«Гүлнар Тур» Түркияға демалуға барған 300 адамды тағы тентіретті

Түркияға демалуға барған қазақстандық туристер тағы кері қайта алмай, әуежайда түнеп жатыр. Бұған дейін де талай шудың шығуына себеп болған “Гүлнар Тур” туристік компаниясы бұл жолы 300-ден астам жерлесімізді жат жұртта қалдырған. Турфирма жұртқа Қазақстанға мүлдем ұшпайтын әуе компаниясынның билеттерін беріп жіберген көрінеді. Алайда “Гүлнар Тур”-дағылар қандай да бір түсінік беруден бас тартуда.

Түркияда қаңғып жүр талай қазақ баласы. Демалуға жеткен, турларының уақыттары өтіп кеткен өйткені. Қайтайын десе ұшақ жоқ. Амалсыз Түркияның әуежайларында тәуліктеп жатқан отандастарымыздың жағдайы мәз емес. Міне, жүктері тау-тау боп үйіліп жатыр. Ішерге тамақ тапшы, қонақүйге қаражат қат.

-Көмектесе алатын жандардың барлығынан өтінеріміз – бізді Түркиядан алып кетіңіздерші. Біз “Гүлнар Тур” компаниясына алданып қалдық. 30-шы маусымнан бері әуежайда күтіп жатырмыз, бірақ Алматыға ұшатын ұшақ жоқ деді. Ақшамыз да қалмады. 

Түрін танып, түсін түстеп білмейтін біреулер Түркияда ашынған ағайынды сабырға шақырып тағы да шыдауларын сұрауда. Бірақ туристің түрінде барып, қаңғыбастың күйіне түскен қандастар тынышталар емес.

Біз ешқайда бармаймыз. Ұшақ жіберсін.

 Бұған дейін де жауапкершіліктен жұрдай екенін сан мәрте көрсеткен “Гүлнар Тур” бұл жолы туристерді Түркияға жеткізген. Қайтарға “Jet Airlines” әуе компаниясының билетін беріпті. Бірақ аталмыш компанияның ұшақтары 30-шы маусымнан бастап Қазақстанға кіре алмайды екен. Бұл туристік компанияға ескертілген. Тығырыққа тірелген “Гүлнар Тур” SKAT компаниясына өтініш жасап өткен сенбі күні рейс жасатқан. Бірақ оның да ақысын сол күйі төлемепті.

Серік Мықтыбаев, Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:

-“Гүлнар Тур”-дың өтініші бойынша СКАТ компаниясы Анталиядағы азаматтарды Қостанайға әкелмек болған. Бірақ ұшақ әуежайда 8 сағат босқа тұрды, туристік компания ұшті-күйлі жоғалып кеткен. Оған қоса “Гүлнар Тур” өткен рейстердің де ақшасын әлі бермей жатыр. Сол себепті отандық әуе компаниялары толық төлем болмай Түркияға ұшудан бас тартты. 

Бүгін тілшілер “Гүлнар Тур” қызметкерлерінің жағдайды түсіндіріп беруін өтінбек болды. Бірақ журналистерді табалдырықтан әріге аттатпаған турфирма әзірге кеңселерінің күзеттерін күшейтуде. Ал шетте қалған ағайынның күйі, міне.

-Үйге қайтқымыз келеді.Қарнымыз ашты.

-Түркияға турист боп аттанып, қаңғыбас боп қалғандардың жағдайлары мәз емес. Аш жатқаны өз алдына, қонақүйлері де көңіл көншітпейді. Ит байласа тұрғысыз жерлер дейді ашынған туристер. Амалы таусылғандары өз ақшаларына чартерлік рейс жалдамақ. Қазір әуе компанияларымен келіссөз жүргізуде. Ал туристерді тастап кетуден алдына жан салмаған “Гүлнар Тур” ертең елге жүзін көрсетіп, тілшілермен тілдеспекке уәде етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде