{metadescription}
0:000:00
Президент индустрияландыру бағдарламасын сынға алды

Президент индустрияландыру бағдарламасын сынға алды

Бүгін елімізде тағы ондаған зауыт іске қосылып мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Енді бірнеше кәсіпорында «Қазақстанда жасалған» деген  өнімдер шығарыла бастамақ. Астанада мемлекет басшысы үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша Үкіметтің жарты жылда атқарған есебін тыңдады. Министрлер кабинеті инновациялық жобаларымен мақтанғанымен  Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткіш қуған шенеуніктерді қатал сынға алды.

Бүгінгі жиын жобасын әлемге әйгілі британдық сәулетші Норман Фостер сызған ерекше нысанда өтті. Ғимарат биікті шалған көз жанарының пішіні тәріздес. «Назарбаев орталығы» деп аталатын 9 қабатты сәулетті ғимаратта Нұрсұлтан Назарбаев, индустрияландыру бағдарламасы аясында салынып жатқан өндістердің жобасымен танысып шықты. Кейін тікелей эфир арқылы Елбасы машина жасау, мұнай-газ химия, цемент, арматура, жел паркі секілді ондаған кәсіпорынды салтанатты жағдайда іске қосты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Дүниенің алмағайып заманында экономиканы түзеп индустриалды Қазақстан жасау. Сол кезде елдің түрі өзгереді. Экономика жаңарады. Шынымен 30 елдің қатарына енеміз. Бір мақсат бар. Осы жұмысты асқан қызығушылықпен істеу. Істегеніңді кейін көзіңмен көресің. Ол деген үлкен бақыт.

Бірақ Үкіметтің әзірше бақыттан басы айнала қоймаған сияқты. Себебі үлкен салтанатпен тұсауы кесілген зауыттардың жұмыс істегенінен тұруы көп. Оның үстіне желден энергия аламыз дегенімізбен оның көбі далаға кетіп жатыр. Қолда барды ұқсата алмаған шенеуніктерге президент арнайы құрылғылар арқылы қуат көзін үнемдеп отырған Оңтүстік Кореяның тәжірбиесін үйренуді тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

20 пайыз энергиядан айырылып жатырмыз.Бұл деген қуатты станция ғой. «Самұрық-Қазына» Шөкеев қайдасың? Осы мәселемен айналыс. Зауыттар да қуатты үнемдеуі тиіс.

Жалпы жарты жылда елімізде 21 зауыт іске қосылған. Жыл соңына дейін тағы бюджеттен бөлінген жүздеген миллиардқа 100 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Индустрияландыру бағдарламасы бойынша біраз сын естіген атқамінерлер кейін мемлекет басшысының көңілін аулауға тырысқандай. Тіпті Қарағанды металлургия комбинатында еңбек жолы басталған Елбасы туралы шағын ролик көрсетілді. Осыдан соң Нұрсұлтан Назарбаевқа, «Құрметті металлург» төсбелгісі табысталды. Мұндай медаль президенттен басқа әзірше ешкімде жоқ.

-  Мына суретке қарасам көңілім жабырқайды. Ал мен «Құрметті металлург» атағына әлдеқашан иемін деп ойлап жүрсем. Ал сендер қазір беріп жатырсыңдар?

Емен-жарқын аяқталған басқосуда Нұрсұлтан Назарбаев әрбір жобаның іске асуын жеке өзі бақылауда ұстайтынын айтты.

- Бүгін тұсауы кесілген өндірістердің алдағы уақытта тұралап қалмауын қадап айтты. Себебі ондай жағдайлар жетіп артылады. Ал индустрияландыру бағдарламасының орындалуына тек Үкімет емес, Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдерінің де басымен жауап беретінін қатал ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде