{metadescription}
0:000:00
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы парамен ұсталды

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы парамен ұсталды

Есілдің сол жағалауында кезекті тұтқындау! Қаржы полициясы бұл жолы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановтың қолына кісен салды. Ол қызмет бабын пайдаланып, 200 мың доллар пара алды деп айыпталуда.

Мұнша қаржыны лауазымды шенеуніктің кімнен алғанын қаржы полициясы әзірге ашып айтпай отыр. Мәліметтерге қарағанда, агенттік төрағасы ірі кәсіпорындардың біріне «ақылы қолдау» көрсетпек болған. Шенеунік сол ақысының бір бөлігін алып жатқанда қолға түссе керек. Тариф өскенде тілшілердің алдына жиі шығатын 47 жастағы Мұрат Оспанов Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне 2 жарым жыл төрағалық еткенін айта кетейік. Бұған дейін Семей қаласының, Павлодар облысы әкімінің орынбасары сияқты лауазымды қызметтер атқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.