Еуропа лигасының іріктеу кезеңі сәтті басталды
Қазақстандық клубтар Лига Еуропаның бірінші іріктеу раундын сәтті аяқтады. «Шахтер» мен «Астана» екі ойын нәтижесі бойынша армениялық клубтардың алдын орап кетті. Қарағандыда өткен қарымта матчта алаң иелері «Пюниктің» қақпасына жауапсыз төрт доп салса, «Астана» 2:0 есебімен «Пюниктен» алда болды.
11.07.2014
Осы күні «Қайрат» Албания астанасы Тиранада жергілікті «Кукеси» клубымен сынға түсті. Алғашқы ойынды 1:0 есебімен өз пайдасына шешкен «Қайратқа» қарымта матчта тең ойынның өзі жетіп жатты. Владимир Вайсстың шәкірттері діттеген мақсаттың үдесінен шыға білді. Аса шиеленісті өткен бүгінгі ойында есеп ашылған жоқ. «Кукесидің» көкесін танытқан алматылық футболшылар Лига Еуропаның екінші кезеңіне жолдама алды. Бұл раундта «Қайратқа» Данияның бес дүркін чемпионы «Эсбьерг» қарсы тұрады. Екі клуб арасындағы бірінші матч 17-ші шілде күні Алматыда өтеді.
Соңғы жылдары елімізде жартасқа өрмелеу спортына ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір айғағы бүгін Қазақтың спорт және туризм академиясында, еліміздегі ең озық жасанды жартастың тұсауы кесілді.
Бүгінгі салтанатты рәсімге әлемдегі ең биік шың Эвересті бағындырған тұңғыш қазақ Қазыбек Уәлиев, олимпиада чемпионы Серік Сәпиев арнайы келіпті. Ашылу рәсімінен кейін жасанды жартасқа баға беретін алғашқы жарыс та басталып кетті. Жастар арасындағы ел чемпионатына жиналған жүзден астам үміткерлер алдағы төрт күн бойы өз өнерлерін ортаға салады. Олардың арасында жартасқа өрмелеуден Азия чемпиондары Маймұратов, Марленова Гуяншина және Когай сынды шеберлер бар. Осы додада көзге түскен мықтылар, осы жылғы Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады.
Көпкүндік супервелодода «Тур де Франстың» алтыншы кезеңінде неміс Андре Грайпель үздік шықты. Норвегиялық Александр Кристофф мәре сызығын екінші кессе, француз Самюэль Дюмулин алғашқы үштікті түйінеді.
Астаналық шабандоздардың аяқ-алысы әзірге көңілімізден шығуда. Жалпы есепте дес бермей тұрған қос шабандозымыз, өз позицияларын сақтап қалды. Якоб Фульсанг 15- нәтиже көрсетсе, лидердің сары жейдесін киген Винченцо Нибали 18- орынды місе қылды. Генеральдық тізімде үшінші келе жатқан словак Петер Саган, астаналық шабандоздардан 44 секундқа қалып келеді. Бас жүлдеден үміткерлердің бірі Альберто Контадор жалпы есепте әзірге он сегізінші орында. Нибали мен испаниялық шабандоз арасындағы уақыт айырмашылығы әзірге 2 минут 37 секундқа тең.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!