Танымал әншілер қыз-келіншектердің омырауын қорғауға кірісті
Еліміздің кілең танымал жігіттері қыз-келіншектердің омырауын қорғауға кірісті! Әйгілі әншілер мен киноактерлер кеуде рагіне жаппай қарсы шығып, нәзік жандарға төстерін бір мезгіл тексертуді ескертті.
Автор: Аруна Ортай
11.07.2014
Омырауды уайымдаған жігіттердің арасында Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Абылаев пен әнші Айқын Төлепберген, атақты дизайнер Сәкен Жақсыбаев та бар. Тіпті, танымал тележүргізуішлер де әйелдердің төстерін ойлап, «мамологқа барыңдар!» деп баннерлерден қатаң ескерткен. Қатерлі ісік дерті, көбіне жасы отыздан асқан келіншектердің көкірегіне шығады екен. Түйін кейін өсе келе әйелдердің өміріне қауіп төндіреді. Одан құтылу үшін қыздардың сүт безін кесіп тастауға тура келеді.
Диас Абылаев, әнші:
-Қымбатты аналар, қарындастар, қыздар, апа-әжелер, дәрігерлерге барып көрініп тұрыңыздар! Сіздер бізге керексіздер! Дендеріңіз сау болсын! Өз омырауларыңызды сақтаңыздар!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары