Астанада велосипедші-полицей пайда болды
Велосипедші-полицей! Астанада қос дөңгелекті көлікке мінген тәртіп сақшылары көшеге шығып, қоғамдық тәртіпті қадағалауға көшті.
Автор: Гүлнұр Имандосова
11.07.2014
Велосипед мінген полицейлер жұрттың назарын ерекше аударып отыр. Ал, олардың қимыл-қозғалысына қолайлы болу үшін арнайы киім де тігілген. Әр тәртіп сақшысының қолында GPS-навигатор, кеуделерінде камера, белдерінде қарулары бар. Астананың орталығындағы қоғамдық тәртіпті дәл осындай 6 қос дөңгелекті көлікке мінген инпекторлар бақылап жүр. Егер бұл бастама өзін ақтаса, Ішкі Істер департаменті қызметкерлерін көліктен түсіріп жаздан күзге дейін жаппай велосипедке отырғызбақ. Себебі бұл қаржыны үнемдеуге де өте тиімді. Ал велосипедші полицейлер осыған дейін көшеде шемішкі шағып, ішімдік ішкен бірнеше бұзақыны ұстаған. Әзірше қуып жете алмаған сәттеріміз болмады деп күледі инпекторлар.
Әділбек Бурабеков, Астана қалалық ІІД қызметкері:
-Автопартульмен келген кезде, олар кіре алмайды. Автопатрульмен қуыстарға, қараңғы орындарға бара алмайтын жерге біз велосипедпен барамыз. Бір ыңғайлы жері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!