{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеде президент сынаған тұрғын-үй  су астында қалды

Ақтөбеде президент сынаған тұрғын-үй су астында қалды

Ақтөбеде жаңадан тұрғызылып жатқан қалашықты су басып қалды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлер жаңбырға шыдамай, төбелерінен су сорғалап тұр. Кейбір пәтерлердің терезе жақтаулары ылғалдан тіпті опырылып түскен. Енді жаңа қоныстарынан қашқан тұрғындар, қайда барарын білмей дал. Тіпті «Нұр-Ақтөбе» қалашығына апаратын жаңа жолдың өзін су шайып, көлік қатынасы тоқтаған.

Алғашқыда «Ақтөбе-сити» атанып, артынан «Нұр-Ақтөбеге» айналған қалашықтың тұрғындары түннен бері дем баса алмай жүр. Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің шатыры жаңбырға шыдамапты. Төбеден сорғалап аққан су көпқабатты үйдің бірнешеуін басып қалған.

Анар Нақыпова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:  

-Мына жерден бастап сарқымара сияқты болды. Сосын балаларымды ыңғайластыра бастадым. Тоғызыншы қабаттан енді секірмеймін ғой астыға қарай. Барлық көршілердің бәрі шулап жатыр. Судың бәрін астыға қарай не істеп жатыр. Баламды бесігімен шығарып  бірінші қабатқа  қаштым .

Пәтерлерді су басып қана қоймай, бір тәулік ішінде ылғалдан қабырғалары сетінеп, терезе жақтаулары опырылып түскен. Жаңа баспанаға кіргеніне жарты жыл да толмаған тұрғындар үйдің сапасыз салынғанын айтады.

 Манаш Ыбыраева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:  

-Осы қуанып, неше жылда алғанымыз «Жинақ банкіне» салып-салып. Енді міне. Тек көзбояушылық қазақша айтқанда. «Тұрғын үй құрылыс жинақ»банкінің директоры  Дабылова күшті үй, алыңыздар деді, алдық. Су кетпейді, бәрі жақсы салынған деді.

-«Нұр-Ақтөбе» қалашығына қатынайтын жалғыз жолдың өзін су шайып кеткен. Бірер ай бұрын жаңадан салынған асфальт жабындылары опырылып түсіп жатыр. Енді жолдың жабылғандығынан тұрғындар көліктерімен қалашыққа не кіре алмай, не шыға алмай отыр. 

Үйлерді су басқанын естісе де мердігер компанияның басшылары қалашыққа жоламай жүр. Құрылыс басындағылары да тұрғындардан қашып әлек.

-Ойлайсыңдар ма не ойнап, ерігіп алды деп. Далаға шашып жатқан ақшамыз жоқ. 20 жыл жатақханада жүріп алған үйіміз маңдай терімізбен.

Нұр-Ақтөбеге түс ауа әрең жеткен әкімдіктегілер тұрғындарға уәдені үйіп-төге бастады. Бірақ бүлінген дүние-мүлік шығынын өтеуге құлықсыз.

Генадий Дудаков, Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі:

-Құрылыс компаниялары бірнеше жылға кепілдік берген. Сондықтан пәтерлерді олар қайта жөндеп береді. Жөндеуге ертең кіріседі. Шығынды енді қараймыз.

Бұл қалашыққа 2020 жылға дейін әлі жүздеген үй салу жоспарлануда. Бірақ аты дардай болған осы құрылысты жақында ғана Елбасының өзі сынап кетті. Тіпті президенттің «сити емес, ауыл сияқты» дегенін ел нақыл сөзге айналдырып алған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде