{metadescription}
0:000:00
Астанада отты өшіруге келген өрт сөндірушілер қарсылыққа тап болды

Астанада отты өшіруге келген өрт сөндірушілер қарсылыққа тап болды

Астанада алапат өрт! Есілдің сол жағалауындағы  «Жаңа Ильинка» деп аталатын коттедждер қалашығында екі қабатты зәулім үй мен ағаш ұстаханасы жанып кетті. Ал аптап ыстықта әл бермеген отты өшіруге келген өрт сөндірушілердің өзіне көмек көретуге тура келді.

Трактордың үстіне шығып алып бұйрық беріп тұрған үй иесінің інісі екен. Қызуқанды жігіт мұнысымен қоймай «сылбырсыңдар» деп өрт сөндірушілерге тиісіп жүр. Тіпті құтқарушылардың қолындағы құралын тартып алып, өзі білек сыбана кірісіп кетті. Онымен полицейлердің біраз алысуына тура келді. Ал, қызыл жалынның неден тұтанғаны әзірге белгісіз.  Екі қабатты котеджге ұстахана жаспарлас орналасқан екен. Қатар жиналған мына ағаштар өртті одан сайын өршітіп жіберген. Сондықтан үйдің жартысы жанып от 700 шаршы метр аумақты күлге айналдырды. Баспана жаңадан салынғандықтан әлі адам көшіп келмепті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Есесіне аптап ыстықтан құтқарушылардың денсаулығы сыр беріп, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем екі-үш өрт сөндірушіге көмек көрсетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.