Атырауда жантүршігерлік жол апатын жасаған сот қызметкері қамаудан құтылды
Атырауда көлігімен адам қағып өлтірген сот қызметкері кепіл ақшамен босап шықты. Қаладағы № 2 сотта жұмыс істейтін 23 жастағы Алтынгүл Маева 2 шілде күні көше қиылысында жол апатын жасаған еді.
Автор: Жанар Низамутдинова
11.07.2014
Бір адамды қағып өлтіріп, 3 машинаны соққан сот қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып қамауға алынған болатын. Бірақ темір торда бір күн де түнемей 202 мың теңге кепілдік алынып, үйіне жіберілгені анықталып отыр. Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, қазір Алтынгүл Маева ақысыз еңбек демалысында көрінеді. Ал қайтыс болған жаяу жүргінші – Атырауға Қызылқоға ауданынан келіп, осындағы сауда орталықтарында жұмыс істеген Алтынай Қайрошеваның артында 4 баласы қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!