{metadescription}
0:000:00
«Ертіс» клубының экс-директоры пара бергенін ақыры мойындады

«Ертіс» клубының экс-директоры пара бергенін ақыры мойындады

Бүгін Қостанайда «Ертіс» футбол клубының бұрынғы директоры Қалымжан Ержановқа қатысты сот процесі басталды. Естеріңізге салсақ, ол алдымен Павлодарда соққыға жығылған еді. Ал кейін Ержанов қаржы полициясына пара беріп жатқан жерінде ұсталды. 6 мың доллармен ол өзіне қатысты жүріп жатқан істі жаппақ болған.

Кінәсін Ержановтың өзі де мойындап отыр. Ол өткен жылы Қостанайдағы спорт бөлімін басқарып отырғанда тексеру жүргізіліп, біраз былықтың беті ашылған болатын. Сол кезде шенеунік еш жерде өтпеген спорттық жарыстарға ақша аударғаны анықталды. Айтуынша, бұл істен әкімдік те, құзырлы органдар да хабардар болған. Қаражатты қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге жұмсаған көрінеді. Ал параны жағдайды ушықтырмай, жылы жауып қою үшін шенділерге бердім деп отыр Ержанов.

Қалымжан Ержанов, айыпталушы :

- Соңғы уақытта Павлодарда болған жай маған оңай тиген жоқ. Мен туралы «шу көтерілер» деп қатты қорыққаннан осы жағдайға жол бердім. Бүгінге дейін кінәмді мойындамай келгенмін. Енді бар кінәні толықтай мойныма аламын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде