{metadescription}
0:000:00
Ақмола облысында  2 жасар бөбек итті құшақтап ұйықтап жатқан жерінен табылды

Ақмола облысында 2 жасар бөбек итті құшақтап ұйықтап жатқан жерінен табылды

2 жасар қыз итті құшақтап ұйықтап жатқан жерінен табылды! Жоғалып кеткен сәбиді Ақмола облысындағы Бурабай ауданының полицейлері түгел аяғынан тік тұрып, түні бойы іздеген. Сөйтіп, олар таңсәріде Мәдинаның иттің бауырында жатқанын көріпті. Төрт аяқтының жылы бауырына тығылған сәбиге түнгі салқын да әсер етпеген.

Анасы үй шаруасымен жүргенде кішкентай Мадина өз бетімен ойын қуып, үйден бір шақырым жерге ұзап кетіпті. Ағайын-туыс пен Бурабайдың тәртіп сақшылары сәбиді түні бойы сабылып іздеген. Олар бөбекті тек таң алдында тапты.

Ермахан Дәуітбаев, учаскелік инспектор :

- Орманнан талдың жанынан табылды. Баланы тапқан кезде жанындағы ит үріп, бізді жақындатпай, қорғаштап жүрді. Бала аман есен әке-шешесіне оралды.

Орманда жалғыз жүрген сәбиді иесіз ит түнімен бауырына басып шығыпты. Таң атқанша төрт аяқтының құшағында алаңсыз ұйықтаған қыз тіпті ата-анасын іздемеген де сияқты. Сол күні тоғай ішінің біршама салқын болғанын да айта кетейік. Бірақ иттің бауырында жатқан балаға суық тимеген. Үсті-басын аздап маса шаққаны болмаса, Мәдинаның денсаулығы қалыпты. 

Арман Айжанов, Мәдинаның әкесі:

-Білесіздер ғой қандай жағдайда болғанымызды. Түні бойы іздеп. Иттің арқасы ма деймін. Мен ойлаймын ұрғашы ит болғаннан кейін «аналық мейрімі» оянып қорғаған.  Таңғаларлық жағдай.

Кейде адамдардың өзінен аяушылық күтпейтін заманда төрт аяқтының мұндай тосын әрекетке барғанын қазір мұндағы жұрт жыр қылып айтып жүр. Қаңғыбас итті Айжановтар өз ауласына ертіп әкелген. Аяғы қисық біткен итке Маймақ деп ат қойылыпты. Бала біткеннің сүйіктісіне айналған Маймақ та енді иесіз емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде