{metadescription}
Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты! Таңғы сағат бестер шамасында Алматы - Астана тас жолының бойында көлік апатынан 6 адам қаза тапты. Оқыс оқиға Балқаш қаласына жақын маңда болған. Күре жолдың бойында үш бірдей көлік соқтығысыпты. Алдын-ала болжам бойынша, солардың біреуі қарсы бағытқа шығып кеткен. Қазір мерт болғандардың аты-жөндері анықталып жатыр.
Автор: Саят Сабдалы
11.07.2014
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!