Қазақтың жаңа симфониялық музыкасы дүниеге келді
Бұған дейінгі әуендерге мүлде ұқсамайтын айрықша альбомды аты әлемге мәшһүр скрипкашы Марат Бисенғалиев пен белгілі сазгер Еркеш Шәкеев небәрі 2 айда жазып шықты.
Автор: Аруна Ортай
14.07.2014
«Донна Осень», «Нелюбимая», «Крестная мать» секілді бірнеше хит-әндердің авторы Шәкеев алғаш рет оркестрге арнап әуен жазып отыр. Альбомның ішіне барлығы 11 композиция енген. Музыканы скрипка «сиқыршысы» Марат Бисенғалиев пен Лондонның әйгілі симфониялық оркестрі бірлесіп ойнайды. Қазақтың Англияда дүниеге келген бірегей туындысы жақын күндері көбейтіліп, бүкіл әлемге таратылмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!