Алматыда алаяқтың арбауына түскендер оның әкесінің үйіне басып кірмек болды
Алматыда бір топ адам алаяқтың арбауына түстік деп шу шығарды. Барлығы «екінші деңгейлі банктерден кепілдікте тұрған көлікті нарықтағы құнынан еке есе арзан бағаға алып беремін»-деген адамға сеніп ақшаларын қолына ұстатқан. Тіпті, өз ара келісім-шарт жасасыпты. Тимур Құсайынов есімді жігіт бір-екі адамға көлік алып беріп жұрттың сеніміне кірсе керек, бас-аяғы 33 адамнан 75 миллион теңгедей жинап алып үшті-күйлі жоғалып кеткен. Енді ақшаларынан айырылып, амалы таусылған жұрт ақыры Құсайыновтың әкесінің үйіне баса көктеп кіруге әрекеттенді.
Автор: Досжан Маратұлы
14.07.2014
Бұл арзан бағаға көлік аламыз деп опық жеген жұрт. Бас-аяғы 33 адам. Барлығын сан-соқтырған Тимур Құсайынов алғашқыда жұрттың сеніміне кіріпті. Заң жүзінде келісім-шарт жасасып, бір-екі адамның көлігін алып берген. Кейіннен 75 миллион теңгеге жуық қомақты қаржыны жинап алған ол енді жер жұтқандай жоқ.
Азат Пахамов, жәбірленуші:
-Ол бұрын таныстарына көлік алып беріпті. Солар арқылы бізді алдап соқты. Ақшаны былтыр күзде бергенбіз. Одан бері не ақшамыз жоқ, не көлік жоқ. Өзін де таппай сенделіп қалдық.
Тимурды таппай табанынан тозғандар ақыры әкесінің үйіне келіп жанжал шығармақ болды.
- имур, шық. Ақшамызды қайтар!
Алайда үй қожайыны да қарасын көрсеткен жоқ. Қақпа ішінен тіл қатқан Тимур Құсайыновтың қарындасы «үйде ешкім жоқ» деп салды.
- Сәбина есікті ашыңыз. Сізге тиіспейміз. Түсініңіз, біз Тимурға 500 мың доллар бердік. Енді ақшамыздың қайда кеткенін білуге келдік.
Ал, телефон арқылы тілдескен Тимурдың әкесі «ұлымды біраз уақыт өзім де көрген жоқпын»-дейді. Айтуынша, үйден қуып жіберген.
- Ұлыңыз үшін жауап бермейсіз бе?
- Жауап бермеймін.
- Яғни, ұлыңызға түкіргеніңіз бар ма?
Вы не отвечаете за своего сына?
-Иә
Жиғанын өзгенің қолына беріп, тентіреп қалған азаматтар осылайша шу шығарып жүргенде Тимур Құсайынов тәртіп сақшыларының қолына түсті. Енді 33 адамды алдап соққан ол заң алдында жауап бермек. 7 жылға дейін темір торға жабылуы мүмкін.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:
- Бұл іс бойынша, толыққанды тергеу амалдары жүруде. Осы айдың соңында іс міндетті түрде сотқа жіберілетін болады.
-Жұртты қапы қалдырған Тимур Құсайынов қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа жіберілді. Ал, оған ақша беріп алданғандар енді істің соңына дейін бармақ. Сондай-ақ олар «қылмыстық істің ақ қарасы анықталып, Тимур Құсайынов тезірек сот алдында жауап берсе»-деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!