{metadescription}
«Көк базар» өртеніп саудагерлер мол шығынға батты
Алматы базарында тағы да өрт! Бірақ бұл жолы «Барахолканы» емес, «Көк базарды» қызыл жалын шарпыды.
Автор: Аруна Ортай
14.07.2014
Өрт бірнеше нысанға таралған. Киім-кешек дүкендерімен қоса, шаштараз бен бір-бірімен жапсарлас орналасқан дәмханалар да түгі қалмай жанып кетті. Маңайдағы тұрғын үйлер де көк түтіннің астында қалды. Тауарлары үшін жанұшыраған саудагерлер шелекпен де су тасып, өртті сөндірмек болды. Алайда, қызыл жалын санаулы минуттарда-ақ бүкіл ғимаратты ішіндегі затымен қоса күл-қоқысқа айналдырды. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!