“Ақтөбе” еурокубок жолындағы жорығын бастады
Бүгін “Ақтөбе” командасы еурокубок жолындағы жорығын бастамақ. Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында қазақстандық клуб сырт алаңда тбилисидің “Динамо” командасына қарсы ойнамақ.
16.07.2014
Жақында ғана бас бапкер ауыстырған “Ақтөбені” енді ресейлік маман Владимир Газзаев жаттықтыраты белгілі. Қазірде ақтөбелік футболшылар маңызды матч алдында соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Қарсылас та осал емес. Биылғы маусымда “Динамоның” басты мақсаты топтық кезеңге жету. Грузиялықтар ол үшін тіпті чехиялық білікті маман Михал Билекті сондай-ақ бірнеше легионерді шақыртқан. “Динамо” мен “Ақтөбе” арасындағы матч Астана уақытымен бүгін түнгі 23:00 де басталады.
ВЛАДИМИР ГАЗЗАЕВ, “Ақтөбе” клубының бас бапкері
-Мен өз қызметіме кіріскеніме үш-төрт күн болса да, қазір команданың жағдайымен толық таныспын. Біз келесі кезеңге өту үшін футболшыларымыз бар күшін салатынына сенімдімін.
Туриндік “Ювентустың” бас бапкері Антонио Конте өз еркімен орнын босатты. Екі жақты келісім шарттың мерзімі келесі жылдың маусым айна дейін болған. Алайда 44 жастағы жаттықтырушы мен клуб басшылары арасында кикілжің туған.
Конте “Ювентусқа” 2011-ші жылы келген болатын. Осы уақыт аралығында ол үш жыл қатарынан Италия чемпионы атанып, бір мәрте ел кубогын және суперкубокты жеңіп алған. Енді Антонио Конте бапкерсіз қалған Италия ұлттық құрамасын жаттықтыруы әбден мүмкін. Ал құр жатпаған туриндік команда “Миланның” экс-бапкері Массимилиано Аллегримен екі жылдық келісім шартқа қол қойды. Ол бір маусымда 2 миллион еуро табыс таппақ.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов бүкіл әлемдік бокс қауымдастығының жаңартылған рейтингінде бір сатыға көтерілді.
Соңғы рет сәуірде америкалық Бернард Хопкинстан жеңілген отандасымыз, WBA тұжырымы бойынша чемпион атағынан айрылған болатын. Осыдан кейін орташа ауыр салмақтан ауыр салмаққа көшкен Шүменов өзін сынап көрмек. Ал бірінші орта салмақта өнер көрсететін Қанат Ислам рейтингтегі 10-шы орнын сақтап қалды. Естеріңізге сала кетсек Канат Колумбияда жергілікті боксшы Франциско Кордероны жеңген. Өкінішке орай орта салмақта жұдырықтасатын тағы бір қазақстандық шебер Роман Жайлауов үздік 15 қатарына кірмеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!