Таиланд пен Камбоджа туристерді ғажайып саяхатқа шақырып отыр
Таиланд жағажайлары мен Камбоджаның археологиялық ескерткіштері қазақстандық саяхатшыларды күтеді! Бұл аймақтарға қызығушылық отандастарымыз арасында жылдан-жылға артуда. Шетелдік туристер үшін мұнда көне ғибадатханаларға ғана емес, ұлттық тағам, көрікті орындарға да аса мән берген. Ал мұндай көрікті мекендерді тамашалауға Камбоджаның VLK Royal Tourism туроператоры мен Cambodia Angkor Air әуе компаниясы мүмкіндік жасап отыр.
Автор: Альбина Асхатқызы
16.07.2014
Камбоджаға жолы түскен әр турист саяхатын мына патша сарайынан бастайды. Мұндағы монарх тағы әзірге жалғыз тұр. Өйткені Камбоджа королі отау тікпеген. Бірақ зәулім үй ішіндегі бұл сәнді орынды жақындап көру мүмкін емес. Суретке де түсуге болмайды екен.
Лонг Ваннак, гид:
-Камбоджа патшасының қолында билік жоқ. Тек мемлекетіміздің ресми бейнесі болып саналады. Яғни конституциялық монархия. Билік Үкіметтің қолында.
Жыл сайын Камбоджада 4 миллионнан аса саяхатшы демалады екен. Барлығы қалауынша уақыт өткізіп, іздегенін бізден табады деп сенімді мамандар. Мәселен, Ангкор-Ват ғибадатханасы. Діни ғимараттардың ішіндегі ең алыбы.
Нарин Кичаянг, Таиланд Туристтік басқармасы директорының орынбасары:
-Соңғы уақытта демалу үшін қазақстандық туристер Таиландты таңдайды. Бұған сөзсіз «Эйр Астана» компаниясының Бангкоктағы күнделікті рейстері ықпал етеді. Біз үшін өте маңызды. Себебі туристер үшін біз әртүрлі әрі сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз.
Ал Паттайдағы Шындық ғибадатханасы - өте көне болмағанымен, көлемі жағынан көңіл аударарлық. Ағаштан жасалған бұл құдай үйінің биіктігі 105 болса, ұзындығы 100 метр. Құрылыс сонау 80-ші жылдары басталған, әлі де жалғасуда.
Тайни Гунетилике, «Эйр Астана» АҚ Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Австралиядағы аймақтық бас менеджері:
-Бізде Таиландтағы саяси дағдарысқа байланысты кішігірім мәселелер туындағаны рас. Бірақ, қазір бәрі артта қалды. Көріп тұрғаныңыздай, бәрі бұрынғыша: қонақүйлер ашық, туристерге еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Жағажайда бірінші деңгейдегі қызмет, қауыздар, керемет қонақүйлер – суреттегі демалыс іспетті. Әрине, керемет көрініс! Бірақ, Паттайядағы атақты қызтекелер шоуы бұдан да асып түсті. Қимылдары мен түр-әлпеттеріне қарап еркек деуге аузыңыз бармайды. Осындай көріністерге куә болам десеңіз Таиландқа асығыңыз! Бангкокке тікелей рейспен Алматыдан күнде ұшақ ұшып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!