Ақш, Ұлыбритания , Пәкістан мен Қытайдың сұрмергендері өзара мықтыны анықтап жатыр
Құралайды көзге атқан мергендердің мықтысы Қарағанды облысында анықталып жатыр. Мұндағы «Спаск» әскери полигонында 7 елден іріктелген 38 сұрмерген әртүрлі жағдайда нысана көздеуден сынға түсуде.
Автор: Саят Сабдалы
16.07.2014
Жарысқа Пәкістан мен Қытайдың мергендері ғана өз қаруымен келген. Ал Ресей, Ұлыбритания, Иордания және АҚШ командаларының қару-жарағын түрлі себеппен шекарадан өткізбепті. Осымен 5-ші рет сайыс өткізіп отырған Қазақстан оларға су жаңа мылтықтарды ұсынды. Түркиялық маман төрелік етіп, армениялық әскерилер жарыс барысын бақылап тұр. Мергендер түрлі кедергілермен қоса, түн қатып, қашық жерді жүгіріп ұрыс салу сияқты қиын сындарға түседі. Күн райының да құбылып тұрғаны жарыстың көркін қыздырып жатыр.
Ғалымжан Қасымбеков, № 2003 әскери бөлімнің командирі :
-Бірінші күні жел болды. Ол да бір қиыншылық. Кеше жаңбыр жауды. Бүгін үшінші күн өзіңіз көріп тұрсыз, ауа райы мәз емес. Жаттығулардың барлығы оңай емес. 16 жатығу бар бәрі бірінен бірі өтеді. Бүгінгі күні өзіміздің қазақ мергендері алдыда келе жатыр. Бірақ бұл жарыстың үшінші күні. Әлі үш күн алда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!