{metadescription}
0:000:00
Алматы тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етіп айқайға басты

Алматы тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етіп айқайға басты

Алматы іргесіндегі Байсерке ауылының тұрғындары талай жылдан бері іргелеріндегі шошқа фермасын жаптыра алмай жүр. Талпақ танауға толы қорадан қолқаны қабатын иістің тарап жатқаны өз алдына, соңғы уақытта ферма қызметкерлері шошқаларды сойып, ішік қарыны мен бастарын өзенге тастай бастаған. Жергілікті әкімдерден қайыр болмай, ашынған жұрт бүгін ақыры айқайға басты.

Байсеркенің тұрғындарын тұншықтырған шошқа базасы осы. Айналасындағы жұрттың құтын қашырып, иісіне 10 жылдан бері тойдырып келеді. Тұрғындар«қожалықтың қызметкерлері қарапайым санитарлық нормаларды да сақтамайды»-деп отыр. Шошқаларды сойып, ішек-қарыны мен бастарын арнайы жерге апармай, өзенге лақтыратын көрінеді. Ондағы өлекселерге қаптаған құрт-құмырсқа, қарға мен құзғындарда сан жоқ.

Марат Халықов, Байсерке ауылының тұрғыны:

-Мына иістен демалу мүмкін емес. Жайбарақат отырып тамақ іше алмаймыз. Есік терезені ол аша алмаймыз. Есік алдында жүрген ылғи егеуқұйрық. Мына құрттаған шошқаның бастарын үйге әкеліп мұжиды. Неден сұмдық! Кішкентай бала бар. Қарт кісілер бар ораза ұстаған.

Фермадан шыққан иіске үлкендер жағы әрең шыдас берсе, балғындар жаппай ауырып жатыр. Үстілеріне қызыл бөрткендер шығып, ыстығы көтеріледі, лоқсып, құсады екен. Бір жасар Бейбарыс та осы шошқадан шыққан сасық иістен зардап шегіп отыр.

-Осы жаралары кетпейді қанша болды. Бір жерінен кетеді. Екінші жеріне шығып алады.

Дәрігерлер де,балғындардың жаппай ауруға шалдығуыносы шошқа базасымен байланыстырып отыр. Десе де, нақты сол ферманың кесірінен деп айтудан аулақ.

Дәменжан Жолдыбалина, Байсерке ауылдық ауруханасының дәрігері:

-Жағымыз иісі бар балаларға әсер етіп жатыр. Үстеріне бөрткендер шығады. Сосын ентігіп қалады. Сосын тағыда қалдықтар шығарып жатыр дедік қой. Соның кесірінен іш құрлыстарына зиян келуі мүмкін. Шынын айту керек содан қорқамыз.

Шаруа қожалығында шошқадан бөлек төрт түліктің бәрі бар. Алайда, түсірілім тобының келетінін алдын ала біліп алған қызметкерлері шошқаларды қорасынан шығарған жоқ. Айналасын да, біраз жинастырып қойыпты. Ал, иесі болса, Астанада жүр екен. Есесіне, жұртты сағаттап күттіріп, әрең дегенде келген ауыл әкімі әдеттегі уәдесін үйіп-төкті.

-Қалдықтарын арнайы жерге апару керек дұрыс қой. Санитарлық нормалар бар егер олар сол норманы сақтамаса, ол кезде СЭС-тен келіп айыппұл салады. Қарап шығып барлығын көру керек.

-Осылайша ауылдың әкімі тұрғындарға тұшымды жауап бере алмады. Десе де шошқаның иісіне тұншыққан жұрт «нәтиже болама»-деген үмітпен арыз жазып, әкімнің қолына өткізді. Ал, біз Астанада жүрмін деп қашқақтаған шаруа қожалығының басшысымен телфон арқылы тілдестік. Ол бір айдың көлемінде шошқаны құртып, тек төрт түлікті ғана қалдыруға уәде берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде