{metadescription}
0:000:00
Өскеменде төпелеп жауған бұршақтан келген шығын есептеліп жатыр

Өскеменде төпелеп жауған бұршақтан келген шығын есептеліп жатыр

Өскеменде ауа-райы аяқ асты құбылып кетті. Кеше ғана көлемі бармақ басындай бұршақ жауған қала бүгін нөсер жаңбырдың астында қалды. Синоптиктер бұны осы өңір арқылы өткен солтүстік циклонмен байланыстырып отыр. Ал көлік иелері мен саяжайшылар табиғаттың тосын мінезінен келген залалды есептеп жатыр.

Техникалық тексеруден өтетін мына жерді жағалай тұрған көліктердің барлығы  жауған бұршақтан зақым алған. Бірінің төбесі майысса, енді бірінің беткі терезесі шұрық-тесік. Шаш етектен шығынға батқан тұрғындар енді оны жөндеуге қанша қаржы кететінін білгісі келеді. 

Владимир Александров, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Бұршақтың көлемі өте үлкен болды. Көлігімді ұрып тастады. Енді ақша жұмсап, қалпына келтіруге тура келеді.

Қазір қаладағы көлік жөндеу орталықтары зақымданған көліктерге толы. Машиналарының майысып, ойылып қалған жерлерін жаматып-жасқатып жатқандар ұзын-сонар кезекке қарамастан күтуге мәжбүр. Механиктер мен автослесарлар болса бұршақтың арқасында жұмысы жүргеніне мәз.

Александр Михайлов, техникалық байқау орталығының директоры:

-Бұршақ жауғаннан кейін тұрғындар бірден хабарласа бастады. Келіп, көліктерін бокстардың ішіне қойып үлгергендерін бүгін жөндеп жатырмыз. Кезек күтіп тұрғандар өте көп. Барлығына сапалы көмек көрсетуге тырысамыз, әрине.

Ал синоптиктер солтүстік циклон осы өңір арқылы өткендіктен күн осылай аяқ асты құбылды дейді. Бүгінгі қатты дауыл мен нөсер жаңбыр өскемендіктерді тіпті әбігерге салды. Шелектеп жауған жаңбырдан тығыларға жер таппай, көшедегі халық сеңдей соғылысып қалды.

-Қазір қала көшелерінде мынандай резіңке етікпен ғана жүруге болды. Толасыз жауған жаңбырдың суы тротуарларды кәдімгідей арыққа айналдырып жіберді. Қолшатырды да қолдан тастамаған жөн.  Себебі синоптиктер алдағы күндері де Өскеменде күннің беті бері қарауы екіталай деп отыр. Бұршақ пен нөсер жауын тағы қайтара соғуы мүмкін.  Ауа температурасы да шіліңгір шілдені біраз күнге ұмыттырмақ. Алдағы күндері сынап бағанасы бар болғаны плюс он градус жылылықты көрсетпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде