Еуролигада «Ақтөбе» алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Футболдан чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында “Ақтөбе” жеңіске жетті. Сырт алаңда тбилисидің “Динамо” командасымен кездескен Владимир Газзаев шәкірттері лайықты ойын көрсетті.
17.07.2014
Ал дәл қазір Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында “Астана” өз алаңында Израильдің “Хапоэль” клубын қабылдап жатыр. Сондай-ақ жарты сағаттан кейін алматыдағы орталық стадионда “Қайрат” пен данияның “Эсбьерг” клубтары кездеспек.
Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Албанияның “Кукес” командасын айқын ұтқан “Қайратты” енді алда жаңа сын күтіп тұр. Даниялық клубпен салыстырғанда алматылықтардың бюджеті де, құрамы да әлдеқайда мықты. Бірақ өткен маусымда тамаша өнер көрсеткен даниялықтар осал емес. Ал Астана уақытымен түңгі сағат 23:00 де қарағандылық “Шахтер” сырт алаңда Литваның “Атлантас” командасына қарсы ойнамақ. Осылайша үш командамыз еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтуге үмітті.
Германия ұлттық құрамасының және “Баварияның” жартылай қорғаушысы Тони Кроос Мадридтық “Реалда” қоныс аударды. Талантты футболшымен келісім шарт 6 жылға жоспарланған.
“Корольдік клуб” 24 жастағы футболшы үшін мюнхендіктерге нақты қанша ақша бергені белгісіз. Десе де бейресми ақпаратқа сәйкес Кроос- 30 миллион еуроға бағаланған. Ал оның жылдық табысы 6 млн 700 мың еуроны құрамақ. Яғни германиялық аптасына 130 мың еуро жалақы алатын болады. Естеріңізге сала кетсек Тони Коос Германия ұлттық құрамасы сапында жақында әлем чемпионы атанған.
Мәртебелі көпкүндік “Тур де Франстың” 11-шы кезеңі артта қалды. 187-шақырымды құраған кезекті жарыс күні шабандоздар үшінші деңгейлі төрт асуды бағындырды.
Соңғы шақырымдарда негізгі топтан суырылып шыққан француз Тони Галлопин мәре сызығын бірінші кесті. Екінші нәтиже германиялық Джон Дегеннкольбқа тиесілі. Ал үшінші орын италиялық Маттео Трентинде. Жалпы есепте айтарлықтай өзгеріс жоқ. Генералдық тізімде “Астана” командасының лидері Винченцо Нибали көш бастап тұр. Оның ізін ала келе жатқан австралиялық Ричи Порт әзірге 2 минут 23 секунд қалып келеді. Испандық Алехандро Вальверде үшінші.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!