Билл Гейтc әлемдегі ең бай адам деген атағынан айрылды
Билл Гейтc енді әлемдегі ең бай адам емес. Бұл атақты өзіне 74 жастағы мексикалық кәсіпкер Карлос Слим қайтарып алды.
Автор: Аруна Ортай
17.07.2014
«Форбстың» жаңа тізімінде Слимнің байлығы 79 миллиард 600 миллион доллар деп көрсетілген. Әлемдегі ең ірі телекоммуникациялық компанияны басқаратын мексикалық миллиардер бұған дейін де байлардың тізімін бастаған болатын. Бірақ бірер жыл бұрын табысы еселенген Майкрасофт компаниясының қожасы Билл Гейтс одан басып озған еді. Биыл Гейтстің ақшасы 500 миллион долларға кеміп қалыпты. Жалпы бұл екі миллиардер соңғы жылдары «ең бай адамдардың тізімін» кезек-кезек бастап жүр. Айта кетсек, Карлос Слим Мексикада тұрғанымен, Ливанда туған. Шоқынған араб.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!