Филиппинді тайфун жайпап жатыр
Филиппинді үшінші тәулік бойы тайфун жайпап жатыр. Қатты соққан дауыл салдарынан 38 адам қаза тапқан. Және бірталайы із-түссіз жоғалып кетті. Мұхиттан жүйіткіген жел әлі де тоқтар емес, қайта күшейе түсуде.
Автор: Аруна Ортай
17.07.2014
Үш күн бойы аралда барлық мекемелер жабық тұр. Электр желілері де түгі қалмай жұлынып түскен. Долданған жел ағаштарды да түп-тамырымен талқандауда. Күші сағатына 200 шақырыммен соғып жан-жағын жайпап жатыр. Ауа-райын болжаушылар тайфун әлі де күшейеді дейді. Жылпы былтырғы дауылды маусым кезінде Филиппин аралдарында 6 мың адамның өмірін қиылған. Сол кезде ізім-қайым жоғалып кеткендер әлі күнге дейін табылмапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!