Таразда мердігер компания жолды тас-талқан етіп қашып кеткен
Ал Таразда газ құбырын тартқан компания жолды тас-талқан етіп, тайып тұрған. Енді тұрғындар көшенің астаң-кестеңін шығарған мердігерді таба алмай жүр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
17.07.2014
Жұрт кезінде бір көшенің жолын өз ақшасына төсепті. Оны мердігер бір-ақ күнде бұздырып, газ құбырын орнатқан. Жұмыс біткен соң сол күйі жол салып бермепті. Соның кесірінен тұрғындар енді қиыншылық көруде. Айтуларына қарағанда, жауынды күндері көше ми батпаққа айналып, тізеден саз кешеді екен. Ашуға мінген жұрт жауапты мердігерді іздеп тауып, жолды салып беремін деген уәдесін де алған. Алайда бір жетіде бітіремін деген компания басшысы сол күйі ұшты-күйлі жоқ болып кетіпті.
Нұрмағанбет Мәміров, қала тұрғыны:
-Бәрін бітіреміз уәдесін беріп кетті. Кейін асфальт төсейтін болып, ені 3 метр жол салатын болып, 2-3 машина грабит төкті. Содан кейін олда сөз күйінде қалды, аяғына дейін істелмеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!