{metadescription}
0:000:00
Оралда 3 жасар қыздың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Оралда 3 жасар қыздың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Оралда 3 жастағы балақайдың ата-анасы іздестірілуде! Әйгерімді қала орталығында жалғыз жүрген жерінен тәртіп сақшылары тапқан. Енді ол кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығын паналауда. Содан бері бүлдіршінді іздеп келген тірі жан жоқ. Ал аталған орталық мамандары бұндай келеңсіз жайттардың соңғы кезде жиілеп кеткенін алға тартып отыр.

Кішкентай Әйгерім 3 жаста. Әзірге балақайдың өзі жайында бар білетіні осы ғана. Төрт күннен бері кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығында жүр.

Әйгерім, үйіңе барғың келе ме? Жүр үйіңе апарайын.

-Ммм

-бден қорқып алған.

Кішкентай қызды мұнда тәртіп сақшылары жеткізіпті. 

Әйгерім Ерболатова, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогы:

-13 шілдеде 23:30-да кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор әкеліп орналастырды. Қыз өзін Әйгерім деп айтады. Анасы – Ғалия, әкесі – Есен деп айтады. Қазіргі таңда Әйгерімді іздеп келген ешбір адам жоқ.

Расында сол уақыттан бері Айгерімді іздеп те, сұрап та келген тірі жан жоқ. Ал бауыр еті баласын табуға тырыспаған әке-шешесінің есімін Әйгерім жиі айтады.

Гүлайым Сарыбаева, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының міндетін атқарушы:

-Баланы бұлай тастап кетуге көбінесе оның әкесі мен шешесінің ішімдікке салынуы себеп болады. Сосын бұлар көше кезіп, қаңғып жүреді. Олардың дұрыс баспанасы да, жұмысы да жоқ. Сондықтан балалары осында жеткізіледі.

Бүгінгі таңда орталықта Әйгерімнен өзге тағы 13 сәби бар. Олар 3 және 16 жас аралығында.

- Мені мұнда полиция әкелді. Анамыз жоқ. Қайда екенін білмеймін. Ішіп кетті ғой.

Былтыр аталмыш орталықты 182 бала паналаған, биыл бұл көрсеткіш екі есе өсіп отыр дейді мамандар. Қазірдің өзінде 140 бала тізімге ілігіп үлгерген. Енді Әйгерімді танып, біліп жатқан адамдар болса, экранда көрсетілген телефонға хабарласуын өтінуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде