{metadescription}
0:000:00
Менингит өршіді деген жанайқай шенеуніктердің таңданысын туғызды

Менингит өршіді деген жанайқай шенеуніктердің таңданысын туғызды

Астанада менингит ауруы өршіп тұр. Шілде түскелі 60 бала осы сырқатпен ауруханаға жатқызылған. Бүлдіршіндер бұл ауруды рұқсат етілмеген жерлерде, әсіресе, қаладағы қауыздарға суға түсіріп жұқтыруда екен. Алайда, ауру дендеді деген ақпарат қашанғыдай Денсаулық сақтау министрлігін шошытып отыр. Астаналық дәрігерлер де маусымдық дерттің ерте басталғанын айтқанымен, науқастар санын жұмбақтап айтпай отыр.

Астанадағы балалардың мына жұқпалы аурулар ауруханасы жаз басталғалы менингитке шалдыққан бүлдіршіндерден көз ашар емес. Шілде айы басталғалы мұнда 60-тан астам бүлдіршін түскен. Бәрінің аяқ асты бастары ауырып, жүректері айныған. Ата-аналардың айтуынша, ауру белгілері негізінен өзен-көлдерге шомылған соң біліне бастапты.

Кәмила Омарова, Астана қаласының тұрғыны:

-Менің қызым 2 күн реанимацияда жатты. Сосын палатаға ауыстырды. 10 күн болды. Біз Шұбардағы көлге барғанбыз.

Александр Петрошенко, Астана қаласының тұрғыны:

- Ұл мен қызым аяқ астынан басымыз ауырды деген соң жедел жәрдем шақырдық. Сөйтсек, менингит екен. Дереу жеткізіп, екеуін де жансақтау бөліміне жатқызды. Суға шомылды дейтіндей, суға да түскен жоқпыз. Неден болғанын түсінбей қалдық

Маусымдық сырқат биыл ертерек байқалған. Аурудың ерекше өршуіне мамандар ауа-райының күрт жылуы себеп болды деп отыр. Қатты ыстыққа төзбеген жұрт өзен-көл тұрмақ, қаланың қақ ортасындағы фонтандарға шомылып кеткен. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігінің шенділері де Астанадағы ауруханалардың бас дәрігерлері де негені екені белгісіз ауру дендеді деген ақпаратты жұрттан жасырып әлек.

Жандарбек Бекшин, ҚР Мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері:

-Біз әдетте мұндай сырқатты тамызда көп тіркейтін едік. Биыл менингит ерте шықты. Өйткені, маусым, шілде айлары ыстық болды. Бірақ балалар жаппай жансақтау бөліміне түсіп жатыр деген қате ақпарат.

Осылай журналистерге ресми түрде мәлімет таратқан еліміздің бас санитар дәрігері жұртпен қоса Есіл өзенінен де инфецияға жаппай тексеріп шықтық деп отыр. Тіпті, қаладағы бірде бір фонтанды да қалдырмай қағадауға алдық дейді. Алайда, рұқсат етілмеген жерге суға түсуды қалайтын жұртты мұндай шектеу тоқтата алмай отыр екен.

-Жалпы, елімізде менингит ауруы бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Жылда бұл сырқатқа жүздеген бала шалығады. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі бұл жолы да жұртты  жеке тазалықты сақтауға шақырумен ғана шектелді. Өйткені, менингит өте қауіпті ауру. Мұның соңы адам өліміне соқтыруы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде