Семейде көлігін өзен суына жуатындарға ауқымды күрес жарияланды
Семейде қоқысты бейберекет төгіп, көлігін көрінген жерде жуатындар жазаланып жатыр. Табиғатты қорғау полициясы арнайы шара ұйымдастырып, айналаны ластаушыларға айыппұл сала бастады. Қоқыс төгетін полигонды қымбатсынатын азаматтар күнделікті қалдықтарды көңілі қалаған жерге тонналап тастайды. Ал өзенге шомылуға келгендер Ертістің бойында машинасын жуып алудан да тартынбайды екен. Қолға түскен осындай азаматтар шетінен айыппұл арқалауда.
Автор: Олжас Сайлаубекұлы
21.07.2014
Аптап ыстықта жұрттың бәрі өзен маңын жағалайтыны белгілі. Кейбірі тіпті мұнда көлігін жуу үшін ғана бас сұғады. Арнайы орындарға ақша шығаруды артық көрген олар осылайша ортақ өзенді ластап жатыр.
-Жұмыстан шығып көлігімді тездетіп жумақ болдым. Арнайы жуатын орын алыстау болғасын өзенге келдім. Мұнда кезек те жоқ, ақысын да төлемейсің..
Алайда бұл жолы көлікті тегін жуу мүмкін болмады. Үстінен түскен тәртіп сақшылары айыппұл салып, қатаң ескерту жасады.
Мейірғазы Масалимов, Семей қалалық табиғатты қорғау полиция бөлімінің инспекторы:
- Білмегендіктен 1 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салып тұрмын. Егер бұл қасақана бір жыл ішінде тағы қайталанатын болса, онда 20-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
Тәртіп сақшылары Камазға қоқыс толтырып әкеп, төкпек болған азаматты да қолға түсірді. Алайда полицейлерді көрген ол: «мұнда досыммен кездесуге келдім» деп ақталды. Бірақ, дәл осы жерді не үшін таңдап алғанын ашып айта алмай, абдырап қалды.
-Көптен көріспеген досыммен кездесу үшін келдім. Бір саймандарды алып келем деген. Қоқыс төгу ойымда да болмады. Келгенім жаңа ғана, полицейлер де бірден жетіп келді
-Табиғатты қорғаушылар тазалыққа бей-жай қарамайтын қала тұрғындарынан көмек сұрауда. Егер кімде-кім өзен бойына көліген жуып жатқандарды не қоқыс тастағандарды көрсе, оны суретке түсіріп, тәртіп сақшыларына тапсыруына болады. Полицейлер ондай жағдайда заңды бұзғандарға айыппұл салып қана қоймай, қалдықтарды өздеріне жинатады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары