Ақтөбеде жанкүйерлер билетке таласып соңы төбелеске ұласа жаздады
Ақтөбеде футбол жанкүйерлері билетке таласып жатыр. Екі күннен соң Чемпиондар лигасы аясында жергілікті командамен Тблисидің «Динамосы» арасында кездесу өтеді. Осы ойынды көруге асыққан жанкүйерлер кассаны көтеріп кете ме деп қауіптенген тәртіп сақшылары аймақты қоршауға алған.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.07.2014
Қазір алты кассаға бір жерден ғана кезекпен жіберуде. Бірақ полиция қызметкерлерінің бұл әрекетіне көпшілік бағынар емес. Билетке қолымыз жетпей қалады-ау деп алаңдаған жакүйерлер бірін-бірі жаншып кетуге дайын тұр. Ересектерге билет мың теңгеден, балаларға бес жүз теңгеден сатылып жатыр. Бір қолға үш билеттен ғана беріледі. Деседе, жарты жыл бұрын абоненттік төлемге ақы төлегендердің өздері кассаға жолай алмай жүр.
- Жылдық абонентті сегіз жарым мыңға алдық. Ал сағат алтыдан бері тұрмыз. Мына кассаларды бөлек-бөлек қойып 2-3 касса ашып қойса болады ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!