{metadescription}
0:000:00
Алматыда 22 жастағы қыз секс-құлдықтан босатылды

Алматыда 22 жастағы қыз секс-құлдықтан босатылды

Шымкент тұрғыны оңтүстік астаналық жеңгетайдың қолына көршісінің алдап-арбауымен түсіп қалған. Қаскөйлер оны екі апта бойы қоқан-лоқы жасап, еркінен тыс тәнін саудалауға мәжбүрлепті.

Жәбірленуші:

-Мен «қайтуым керек» деп айттым. Ол: « сен ешқайда қайтпайсың, сені  Милана деген азаматшадан сатып алдым. Маған жезөкшелікпен 1 млн 600 мың теңге бересің» деді.

Жеңгетай аталған соманы өтемейінше жібермейтінін айтып қорқытқан. Десе де, жәбірленуші қызмет көрсеткен әрбір келушіге жағдайын айтып отырыпты. Сондай демалушылардың бірі полицияға хабар беріп, жезөкшелер ордасын әшкерелеп берді. Қолға түскен Алма есімді әйел енді 4 бап бойынша жауапқа тартылмақ. Құлдықта ұстады, жезөкшелік ордасын ұйымдастырып,  жеңгетайлық жасады, тіпті кісі тонады деп айыпталған ол кемі 10 жыл темір торға тоғытылуы мүмкін. Дегенмен жеңгетайдың өзі тән саудасы өзара келісіммен жасалды деп отыр.

Алтынай, күдікті:

-Шымкенттен Марина деген қыз келді. Кәмелетке толмаған екі қыз алып келіп маған сатты. Қыздары «төсекте бұрын болмағанбыз» деп жылағаннан кейін қайта шығарып салдым Шымкентіне. Ал Маринаға сен менің ақшамды шығарып бересің дедім. Бір аптаның ішінде үй-ішіңмен шығарып бересің дедім. Бір аптадай менімен тұрды, мен оны жезөкшелікке шығарғаным жоқ

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде