{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында сел кезінде шатқалға қамалып қалған жүздеген адам құтқарылды

Алматы облысында сел кезінде шатқалға қамалып қалған жүздеген адам құтқарылды

Алматы облысының Талғар ауданында селден кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Өткен бейсенбіде мұндағы Маралсай шатқалында еріген қар суынан, өзен арнасынан асқан болатын. Салдарынан балалар лагері мен мүгедектерді сауықтыру ортағы бүлінді. Сондай-ақ, екі қорықшының үйі құлаған. Ал бүгін сол шатқал ішінде 3 күнге қамалып қалған 120 адам тікұшақпен қауіпсіз жерге жеткізілді. Араларында қарттар мен жарымжан балалар көп. Сондай-ақ, сел кесірінен қазір ауданның тең жарты халқы сусыз отыр.

Бұл Талғардағы селден кейін үшінші күне жалғасқан абыр-сабыр. Бүгін құтқарушылар Маралсай шатқалында қамалып қалған бір топ адамды бергі бетке жеткізді. Шамамен 120 адам. Барлығы да «Спутник» деп аталатын мүгедектерді сауықтыру орталығына демалу үшін әр өңірден келгендер.  

Бақыт Масалимова:

- Сел мен келгеннен кейін бір жарты сағаттан жүріп кетті. Бірақ мен ештеңе ойлаған жоқпын. Көмек көрсетілді. Жағдайымыз жақсы.

Ақпарға қарағанда, демалыс орнында селден кейін жарық пен су мүлдем өшіпті. Сондай-ақ, биыл 300-ден астам бала қабылдаған «Маралсай» лагерінде де осындай жағдай. 3 күн қараңғы тауда қалған жұрттың көбі қорқып қалған. Сондықтан құтқару алаңына Талғардағы жедел қызметінің күшін түгел жұмылдыруға тура келген. 

Ләззат Сейтімбетова, Талған аудандық жедел-жәрдем ауруханасының фельдшері:

- Барлық адамдар бірінші жүрегі ауырып, қорыққаннан барлығында қысымы көтерілген. Енді көп көмек көрсеттік. Дәрілерінің барлығын әкеп бердік. Ауру енді өте көп.

Бір айта кетерлігі, сел бұл кісілер демалуға келген күні жүрген. Бірақ жолын мынадай таспен бөгегені болмаса, іргесін қирата қоймапты.  Демалысы басталмай жатып бұзылған жұрттың шығыннын енді аудан әкімдігі көтермек. 

Райхан Садықова, Талғар ауданының әкімі:

- «Спутникте» 379 бала, 135 үлкен кісілер дамалған болатын. Сонымен жол жоқ. Жол жоқ болғандықтан біз ақылдаса келе, сол жерден барлық адамдарды шығарып, үйлеріне жеткізу туралы. 18-күні лагерьге 5 генератор, 5 тоннаға жуық тамақ әкелінген болатын тікұшақпен.

Өткен бейсенбіде Маралсай шатқалында сел жүріп, Талғар өзені арнасынан асқан болатын. Абырой болғанда бөгет жарылған жоқ. Десе де сел шатқалдағы демалыс орындарын түгел шайып кете жаздады. Ресми есепке қарағанда, бір лагерь бүлініп, 4 жеңіл көлік жарамсыз күйге түсіпті. Тағы екі қорықшының үйі құлаған. Әзірге, апатқа күннің ыстығына шыдас бермеген тау басындағы қардың еруі себеп делінуде. Сел сондай-ақ бірнеше күннен бері Талғар жұртын ауыз судан қағып отыр. Қазір қала ішінде мынадай көлікпен су таратылуда.

-Нет, не хватает! Не помнится, не умыться, и не покакать!

Ал қазір шатқал іші тастан тазартылып жатыр. Бірақ оның толық ашылуына бір айдан астам уақыт кететі деп жоспарланған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде