{metadescription}
0:000:00
Футболдан әлем чемпионатының ең үздік голы анықталды

Футболдан әлем чемпионатының ең үздік голы анықталды

Франция ұлттық құрасының және “Манчестер Юнайтердің” қорғаушысы Патрис Эвра енді туриндік “Ювентусте” өнер көрсетпек. 33 жастағы футболшымен келісім шарт екі жылға жоспарланған.

2006-шы жылы “Монакодан” келген француз осы уақытқа дейін “Манчестер Юнайтед” сапында 273 кездесу өткізіп, 7 гол соққан. Сондай-ақ “Қызыл сойқандармен” Эвра бес рет Англия чемпионы, үш мәрте лига кубогын және Англия Супер кубогын жеңіп алған. Ал 2008-ші жылы ол чемпиондар лигасының кубогын төбесіне көтерген. Патрис Эвра манчестерлік жанкүйерлер мен клубтың бұрынғы бас бапкері сэр Алекс Фэргюсонды ешқашан ұмытпайтынын жеткізді.

 

Стивен Джеррард ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады. 2000-ші жылдан бері Англия құрамасының теңдесіз ойыншысы болған ол енді тек өз клубы “Ливерпульде” ойнауды ұйғарыпты.

Джеррард ұлттық құрама сапында 114 матч өткізген тәжірибелі ардагер футболшы. Ол үш әлем чемпионатына сонай-ақ үш Еуропа чемпионатына қатысқан. Ал Бразилиядағы соңғы чемпионатта Англия құрама командасының сәтсіз ойынынан кейін Стивен Джерард осындай шешім қабылдапты. Оның үстіне талантты жартылай қорғаушы биыл “Ливерпульмен” чемпиондар лигасында өнер көрсететіні белгілі. 34 жастағы жартылай қорғаушы төрт турнирдың финалында гол соққан жалғыз футболшы. Ол Англия кубогы, Лига кубогы және Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ақтық матчтарында көзге түскен.     

 

Колумбия құрамасының шабуылшысы Хамес Родригестің әлем чемпионатындағы Уругвай қақпасына соққан добы Мундиальдің ең әдемі голы болып табылды.

Колумбия Уругвай арасындағы матчтың 28-ші минутында 21 жастағы шабуылшы тамаша голыдың авторы атанып, есеп ашқан болатын. Айып алаң сыртынан пас алған ол, допты қақпа төрінде тулатты. Естеріңізге сала кетсек ол матч 2:0 есебімен аяқталған болатын. Қос голдың да авторы Хамес Родригес. Голландиялық сұрмерген Робин Ван Перси де жүлдесіз қалған жоқ. “Манчестер Юнайтед” шабуылшысы Испанияға қарсы матчта Икер Кассильяс қақпасына соққан добы әдемілігі жағынан екінші орын алған. Испандықтардан бір гол жіберіп алғаннан кейін Ван Галь шәкірттері жауапсыз төрт гол соққанын ешкім ұмыта қоймаған болар.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде