Қытайлар қазақ қызының көркіне тәнті болды
Қазақстандық волейболшы Қытай ғаламторының жұлдызына айналды. Ұлттық құраманың 19 жастағы ойыншысы Сәбина Алтынбекованың көркіне тәнті болған қытайлық жанкүйерлердің саны сағат сайын артуда. Ал, спортшы қыз мұндай құрметті күтпеген едім дейді.
Автор: Елгүл Нұғман
22.07.2014
Ол Тайвань астанасы Тайпей қаласында волейболдан өтіп жатқан Азия чемпионатына қатысуда. Қазақстандық қыздар командасының арасынан тілшілер мен көрермендердің көзі бірден Сәбинаға түскен. Жанкүйерлердің ойынша, оның бейнесі жопондық аниме кейіпкерінен айнымайды. Чемпионат әлі аяқталмағанымен Алтынбековаға ең әдемі волейболшы деген атақ беріліп те қойды. Қазір Сәбинаның Қытайдағы табынушылары онемен суретке түсіп, қолтаңба алуға кезекке тұрған. Ал әлеуметтік желідегі парақшасына жазылғандар саны 77 мыңнан асыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!