{metadescription}
0:000:00
КТК  жаңа  реалити –шоудың түсірілімін бастады

КТК жаңа реалити –шоудың түсірілімін бастады

КТК арнасы елдегі ең үздік реалити-шоудың жаңа маусымын түсіруді бастады. “Особое задание”, яғни “Ерекше тапсырма” атты бағдарламаның 4-ші маусымы көрерменге жол тартпақ. Бұл жолы іріктелген 6 команданың құрамында еліміздің ең мықты әскери бөлімдерінің сарбаздары болады. Және әр ұжымда бір белгілі әнші, актер немесе тележүргізуші сынға түседі. Осылайша ең қиын жаттығуларға әбден төселген сарбаздар сахна жұлдыздарын қиындықтардан бірге алып шығуы тиіс.

Бұл реалити-шоуда еліміздің ең үздік әскери бөлімдерінен келген сарбаздар өздеріне тапсырылған белгілі адамды ең қиын кедергілерден аман алып өтуі тиіс. Бірге жүгіреді, бірге секіреді, бірге оқ пен оттың арасынан өтеді. Мұндай реалити-шоуға бірінші рет түсіп жатқан әскерилер камерадан үркіп жүр, ал өмірі камерамен жолдас болған сахнаның серкелері ақ тер, көк тер.

Мақсат Мамырайымов, актер:

-Жарыс өте қиын, әсіресе мына құммен өткен кезде өте қиын болады. Құмға келген кезде бүкіл күштерің біткен кезде түсінесің қаншалықты қиын екенін осы әскерде жүрген офицерлерді.

“Особое задание” жобасына қатысып, қарсыластарды қоғадай жапырамыз деген 6 команда алғашқы ұрыстардың өзінде-ақ ентігіп қалды. Сай тасындай іріктелген сарбаздардың бір тобына түскен жас әнші Серік Ибрагимовтың клиптегідей секіріп билер шамасы жоқ. Өкпесін қолына ұстап ентіге демалды. Талықсып құлай жаздады.

-Түріңді өзгерт. Камера түсіріп жатыр....

Көгілдір экранның гүлі болғандарды арқалап әлек болған сарбаздар топтарындағы жұлдыздарға осылайша қалжыңдап қояды, демейді кейде.

Ержан Исаков, №18404 әскери бөлімінің сарбазы:

-Қасымдағы қонақтарға біз ең біріншіден моральдық психологиялық көмек беруіміз керек. Ол жеңістің жартысы.

Албағдарламаны жасаушылар бұл көз жас пен талықсулардың басы ғана дейді. Өйткені тәулік өткен сайын 6 команданың тапсырмалары ауырлай түспек.

Александр Тайматов, жобаның атқарушы продюсері:

-Бұл жерде барлығы шынайы. Эмоцияларды сөзбен айтып жеткізе алмайсыз, көптеген әртістер межеге жете алмай ашуға булығып жылайды. Сарбаздар команда үшін жұлдыздарды арқалайды, сүйрейді. Оған қоса дәрігерлерге де тыным жоқ. Өйткені сайысты көтере алмай денсаулықтары сыр беріп жатқан белгілі азаматтарымыз көп.

-Елдің еркелері мен сахнаның серкелерінің бұл жобада қаққанда қан соққанда сөлін алған ең қиын сынақ алаңы міне. Жанып тұрған отқа қарамастан мына қызыл құмның үстімен неғұрлым тез жүгіріп өту қажет. Оған қапталдан тоқтаусыз атылып, жаныңды алатын автоматтың даусын қосыңыз. Мәреге жете алмай күйреп, бірін бірі сүйреп шыққан 6 команданың бүгінгі сынағы тәмамдалып келеді. Бірақ жоба қатысушыларының алдағы тәуліктерде тағы бірнеше сынақтан өтері белгілі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.