{metadescription}
0:000:00
Бурабайда шетелдік жастардың слеті өтті

Бурабайда шетелдік жастардың слеті өтті

Скауттар қазақ жеріне қонаққа келді! Алыстан ат арытып келген меймандарға құрмет ерекше. Бурабайда Скаут ұйымдарының 3-ші слеті өтіп жатыр. Оған 500-ге тарта шетелдік шақырылған. Көкшенің көз тартар сұлу табиғатына тамсанған қонақтар қазақ жастарымен бірге тау-тасқа шығады, атпен серуендейді. Слет аясында экологиялық мәселерді де талқылайды. Өзара достыққа себеп болған Бурабайдағы алғашқы халықаралық джамбориге тілшіміз Гүлнұр Имандосова да қатысып қайтты.

Мына қатысушылардың бәрі Қазақстанға алғаш аяқ басқандар. Бурабайдың тамаша табиғатын көріп таңғалып жатыр. 10 Швейцарияны орап алатын сұлулықты тамсана айтуда.

Бурабай өлкесінің суық ауасы да скауттарға кедергі емес. Мына ақшаңқан киіз үйлерге қарап  құдды бір ат шаптырып, той басталғандай дерсің. 2 қойдың еті, 2 қап күріш мен 100 келі сәбізден жасалған палау қатысушыларға таптырмас азық болды. Тіпті, бір-бірінің тілін түсінбеудің өзі суретке түсіп, танысуға кедергі келтірген жоқ.

Джамбори – жылына 4 рет ұйымдастыратын скауттық слет. Мұнда олар өз қабілеттерін көрсетеді, жарысады. Биыл оған Қытай, Германия, Франция, Ұлыбритания секілді алыс-жақын шетелден 500 қатысушы келіпті. Жағажайды скауттар өздері тазалаған, қалыпқа келтірген. Шатырларын тіккен. Өйткені, қиын іске жандары құмар жандар бірнеше күн бойы осында түнейді, ағаш бұтап, далада тамақ пісіреді.

-Жалпы, скауттардың бұл жерде жиналуы тегіннен-тегін емес. Ұйымдастырушылар Бурабай арқылы еліміздің мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін таныстырғылары келген екен. Ертеңнен бастап скаутаттар бұл жерде құзға шығады, атпен серуендейді, көлге шомылады.

Ал, альпинистер тобы ағашқа өрмелейді. Биіктікті бағындырып, жабайы табиғатта жалғыз қалып үйрену - скауттарды қиындыққа төзімді етеді екен. 14 жастағы ресейлік Роберт те, гонконгтық мына оқушылар да  қиындықты елеп отырған жоқ. Джамбориден көп қызыққа кенелмек. Әсіресе, осындағы барлық ұлт өкілдерінің ұлттық ойындарымен танысып қайтпақ.

Ханс Соу, «Джамбори-2014» слетінің қатысушысы:

- Біз әлемдегі Джамбори слетінің бәріне қатысып келеміз. Сол арқылы көп достар таптық. Енді 3-ші кездесу сіздің елде өтіп жатыр. Бұл бір ұмытылмас сәттер деп есептейміз. Демалып қоймай пікір алмасамыз, тәжірбие бөлісеміз.

Жалпы, жастардың шетелдік ұйымдармен байланыс орнатуы еліміздегі, әлемдегі экологиялық мәселелердің шешілу жолдарына үлес қосады, табиғатты қорғау және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.Үлкендер тарапы жастар табиғат аясында бір-бірімен тез тіл табысады дегенге сенімде. Мысалы, 12 жастағы ұлын слетке қатыстырып жүрген Мәжіліс депутаты Мейрам Бегентаевтың өзі де отбасымен мына шатырды мекен еткен.

Мейрам Бегентаев, Мәжіліс депутаты:

-Бұл жерге мен депутат ретінде емес, осы слетке  қатысатын баланың әкесі ретінде келіп тұрмын. Сондықтан, ұйымдастырушылар болашақта мұндай слеттерді инфрақұрылымы бар қалаға таяу жерлерде  өткізсе дұрыс еді.

Дегенмен, қауіпті «кәсіппен» айналысушы скауттар оңайлықпен тоқтар емес. Олар ойын бағдарламасы шеңберінде баламалы энергия тақырыбына бейнебаян түсіреді. Жарық көзін алу жолдарын үйренеді. Тіпті, фризлайт, яғни, жарықпен сурет салу технологиясын қолдануды меңгермек.  Алдағы ЭКСПО-2017 көрмесін шетелдік жастарға кеңінен насихаттамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде