{metadescription}
0:000:00
Украинада Жоғарғы Рада депутаттары төбелесіп қалды

Украинада Жоғарғы Рада депутаттары төбелесіп қалды

Украинада апатқа ұшыраған «Боинг» ұшағының маңайынан жолаушылардың дене қалдықтары алынып жатыр. Бес күннен бері қарай мәйіттер иістеніп, шетінен шіри бастаған екен. Еріктілер тобы оларды бүлдіріп алмастан арнайы қаптамаларға салып, пойызбен Харьковке жеткізді. Мәйітке лық толы отарба енді Голландиядағы арнайы зерттеу орталығына жөнелтілмек. Онда марқұмдардың аты-жөндері анықталып, содан соң ғана сүйектері жер қойнауына тапсырылатын болады.                 

Еріктілер бұл маңайдан әзірге тек 282 жолаушының денесін тапты. Әлі 16 адамның қалдығын жинап алу қажет.

Мүрделерді жинап болдық. Сұмдық бұл. Жүйкесі әлсіз адамдардың қарамағаны дұрыс.

Қаза тапқан жолаушылардың мәйіттері сепаратистермен арадағы текетірес кесірінен бірнеше күн бойы далада жатып қалды. Ендігі иістеніп қана қоймай, шетінен шіри де бастаған. Мұндай бұзылған денелерді құтқарушылар аса мұқият теріп алды. Табылған дене қалдықтары пойызға тиеліп, Харьковке жөнелтілді. Мәйітке лық толы вагондар кейін сараптама жасату үшін Голландияға жіберілмек. Онда мамандар мәйіттердің аты-жөнін анықтайтын болады.   

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Украина билігі бүгін қолына қару ұстауға қауқарлы ер-азаматтарды қосымша мобилизациялау жөнінде қаулы қабылдады. Тек президент Петр Порошенконың бастамасы Жоғарғы Рада тарапынан бірауыздан қолдауға ие болған жоқ. Соғыстан әбден мезі болдық деген бір топ депутат бүгін парламенттегі билік жақтастарымен жаға жыртысуға дейін барды.

Жаға жыртысқан депутаттар бір-біріне жұдырық ала жүгіріп, теуіп те жіберді. Берекесі қашқан биліктегілердің әлі жақын күндері татуласпайтын түрі бар. 298 адамның өмірін жалмаған қайғы-қасіретке қарамастан, төбелескіш депутаттар ақыры әскерін күшейте түсу жөнінде шешім қабылдады.             

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде