Еліміздің үш клубы Еурокубоктың келесі іріктеу кезеңіне жолдама алды
Үш бірдей қазақстандық клуб Еурокубоктың келесі іріктеу кезеңіне жолдама алды. “Ақтөбенің” жеңісті жолын “Астана” мен “Шахтер” қайталады. “Астана” сырт алаңда 1:0 есебімен израильдің “Хапоэль” клубына жол берді. Дегенмен қос ойын нәтижесі бойынша “Астана” 3:1 есебімен келесі кезеңге өтті. Ал Қарағандыда Литваның “Атлантас” командасын қабылдаған “Шахтер” ірі жеңіске жетті.
25.07.2014
“Астана” велокомандасының капитаны Винченцо Нибали Тур де Франстағы соңғы таулы кезеңде мәреге бірінші жетті. Жалпы есепте көш бастап келе жатқан италиялық бұл табыстан кейін жақын қарсыластарынан әлде қайда ұзап кетті.
145 шақырымды құраған 18-ші кезеңде Нибали мәреге 10-шақырым қалғанда Пелотоннан ұзап кетті. Бұл оның биылғы “Тур де Франстағы” төртінші жеңісі. “Астана” лидерінен кейін мәреге француз Тибо Пино жетті. Ал поляк Рафал Майка үздік үштікті түйіндеді. Винченцо Нибали биылғы супер көпкүндіктің жеңімпазы атауға бір табан жақын. Ол өзінің жақын қарсыластарынан 7 жарым минут озып тұр.
Алматыда волейболдан әйелдер арасында әлемдік Гран-При жалауын көтерді. Беташар бәсекеде Чехия мен Хорватия волейболшылары өзара кім мықты анықтады.
Тартысқа толы бірінші партияда 32:30 есебімен чехиялық бойжеткендер басым түсті. Хорватиялықтар тек үшінші сетте 19:25 есебімен нәтижені қысқартқан. Алайда олардың әріге шамасы жетпеді. Сонымен Гран-Придың алғашқы матчында 3:1 есебімен Чехия жеңіске жетті. Ал дәл қазір Қазақстан мен Австралия құрамалары кездесуде. Әзірге отандасатарымыз бірінші партияны 25:21 есебімен өз пайдасына шешті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!