Қатерлі дертке шалдыққан Хантөреге шұғыл көмек қажет
Дене құрты дертімен туылған нәрестеге шұғыл көмек қажет. Небәрі 3 айлық Хантөре өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Нәрестенің тұла бойын тері жегіш құрт басыпты.
Автор: Аруна Ортай
25.07.2014
Бастапқыда бактерия сәбидің тек саусақтарында ғана білінген екен. Кейін бүкіл денесі қызара бөртіп, көпіршіктер басқан. Сөйтсе, ол көпіршіктердің іші «стафилококк» деген құртқа толы. Күні-түні қышынып, сәбидің жанын жегідей жеп жатыр. Дәрігерлер Хантөреге «Риттер» деген диагноз қойды. Өте сирек кездесетін жұқпалы ауру әбден асқынғанда, құрттар қанға сіңетін көрінеді. Қазір бала ауруханада. Аса ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Ұлының ауыр дертіне ем таппай әбден қиналған ата-ана көпшіліктен көмек сұрайды.
Базаргүл Есетова, Хантөренің әжесі :
-3 ай болды бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Енді халықтан сұрайтыным, осыны емдейтін дәрігер мамандар бар ма? Соны білетін адам болса. Шетелде емделе ме, Қазақстанда емделе ме, сіздерден сұрайтыным осы балама бір шипаларыңызды тигізсеңіздер! Тым болмаса мекен жайын айтсаңыздар осыны емдейтін...
Отбасының телефоны : 8-771-410-65-34; 8-747-138-35-06
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!