{metadescription}
0:000:00
Астанада фонтанның мыстан құйылған бөлшегін ұрлаған жігіт қолға түсті

Астанада фонтанның мыстан құйылған бөлшегін ұрлаған жігіт қолға түсті

Вандалдар басқаны қойып енді субұрқақтарды бөлшектеп алып кетіп жатыр. Оңтүстіктен келген 19 жастағы жігіт Астананың басты алаңы, Бейбітшілік және келісім сарайы алдындағы осындай фонтанның мыстан құйылған бөлшектерін ұрлап із суытқан. Бірақ алысқа ұзай алмады. Баукеспе жалдап тұратын пәтерінің ақшасын төлей алмай, ұрлыққа барған екен.

-Түнде келдім. Анау талдардың арасында тұрдым, жан-жаққа қарап ем, ешкім жоқ екен. Фонтан өшіп тұрды. Бір апта бұрын  пәтерден шығып кетіп едім, ақшам болмай. Содан осылай оңай ақша таппақшы болдым.

Кейін ісіне өкінген жігіт бір емес, фонтанның басындағы мыстан құйылған 13 бірдей бөлшекті жұлып әкеткен. Сөйтіп әрқайсысын түрлі-түсті металл қабылдайтын орталыққа 1 мың теңгеден өткізіп жіберіпті. Ұрыны таяқ тастам жердегі полиция бекеті мен қырағы күзетілетін басты алаңдағы  жағалай орнатылған камералар да селт еткізбеген. Бірақ сол камераға түсіп қалған кескін-келбеті арқылы оны тәртіп сақшылары тез тауып алды. Енді фонтанды қалыпқа келтіру үшін жарты миллион теңгені өз қалтасынан төлеуі тиіс. Тіпті 3 жылға абақтыға жабылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде