{metadescription}
0:000:00
Алматыда тұрғындар наразылық білдірді

Алматыда тұрғындар наразылық білдірді

Бүгін Алматыдағы «Шаңырақ-5» ықшамауданының тұрғындары наразылық шарасына шықты. Баспаналарының үстінен жол салынатын болғандықтан, Алатау ауданының атқамінерлері бұл азаматтардың үйлерін сүріп, өтемақысымен бірге осы жерден жер телімдерін берген. Алайда «су, жол сондай-ақ, электр жарығы болады» деген шенеуніктердің сөзіне сеніп келген жұрт енді опық жеп отыр. Бұл елді-мекенде 7 жылдан бері не жол, не жарық жоқ. «Атқамінерлерден алдандық» деп айғайға басқан жұрт әкімдіктің өкілін жағадан ала жаздады.

Инфрақұрылымы дамыған жерде тып-тыныш түтін түтеткен 200-ден астам тұрғынның осында көшіп келгелі мазасы кеткен. Ал баспаналарының үстінен жол салынатын болғандықтан, жұртты осында көшірген шенеуніктер бұл жерде барлық жағдай жасалған депті. Бірақ ауылға қарап олай деуге ауыз бармайды.

Асқарбек Қуанышев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Жарықтарың бар, жолдарың бар, тіпті канализация бар деп бізге өтірік айтып, құжаттарымызды реттегенше жерді көрсеткен жоқ. Кейін құжатты жасап қолымызды қойғаннан кейін, осында зорлап көшірді. Келсек, не су жоқ, жол жоқ, жарық жоқ.

Тіпті «Шаңырақ-5» ықшамауданы пайда болғалы бері мұнда электр қуаты деген атымен жоқ екен. Ал енді өлместің күйін кешкен жұрт жарықсыз өмір сүру нағыз қиямет дейді.

-Сатып алған азық-түлігіміз бірден бұзылып қалады. Сұмдық қой бұл!

Енді алдандық деп ашуға булыққан жұрт, онда да шамасы барлары  амалсыз жекеменшік компаниядан 180 мың теңгеден беріп, электр жарығын тарттырып жатыр. Алайда мұндай қаржыға жарық қостыруға көбісінің қалтысы көтермейді.

Айтолқын Айтуарова, Алматы қаласының тұрғыны:

- 180 мың түгілі 100-мыңға шамам келмейді. Менің 5 балам бар оларды оқытуым керек. Үйімнің іргетасын ғана құйдым ара қарай  сала алмаймын. Шама жоқ.

Халықтың арыз-шағымы тек мұнымен бітпейді. Мұнда жоқ нәрсе көп.

Рахима Фатимова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Не автобус жоқ. Не мектеп жоқ. Не аурухана жоқ. Түк те жоқ. Айдалаға әкеп бір алып тундраға лақтыра салған сияқты.

Ал халықты күттіріп, әрең дегенде жеткен әкімдіктің өкілі, халыққа «жақын арада жарық болмайды. Сондықтан өздерің ақша төлеп қостыра беріңдер» деп ашық айтты. Мұнымен келіспеген жұрт әкімдіктің өкілін жағасынан ала жаздады.

- 180 мың бере алмағаннан кейін біз сізге айтып тұрмыз. Айтыңызшы сіздің жалақыңыз 180 мың ба??

- Саусағыңды шошайтпай ары тұршы

- Біздікі ондай емес.

-Түкірігіңді шашыратпашы

-Ақыр аяғында аудан әкімдігінің өкілі тұрмыс тауқыметін тартып жатқан азаматтарды жарықпен жарылқап, жолдарын жөндеуге уәдесін берді. Тек бұл – алдағы 3-4 жылдың ішінде орындалатын шаруа. Ал тұрғындар болса, бел кеткенше беріспейміз дейді. Алдап соққан әкімдіктің үстінен құзырлы орындарға шағымданбақ. Тіпті жолды жауып, мәжбүрлі шараларға баруға да дайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде