Беларусьте алаңсыз өмір сүріп жатқан Құрманбек Бәкиев сырттай сотталды
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиев пен Мемлекеттік күзетті басқарған оның інісі Жәнібек Бәкиев өмір бойына бас бостандықтарынан айырылды. Олар 2010 жылы ереуілшілерге оқ атуға бұйрық берді және қызметтерін асыра пайдаланды деген айыптар бойынша кінәлі боп танылған. Айта кетейік, Қырғызстан соты қазір елден жырақта жүрген Бәкиевтерге қатысты бұл үкімді сырттай шығарып отыр.
Автор: Нартай Аралбайұлы
25.07.2014
2010 жылы Қырғыз жерінде болған жаппай толқулардың арты қақтығысқа ұласқан болатын. Сол жылы 7 ақпанда билік көтерілісшілерді күшпен жаншып тастауға бұйрық берген. Салдарынан 80 адам қаза тауып, 300 адам зардап шеккен еді. Бірақ Құрманбек Бәкиев пен оның інісі барлық айыпты жоққа шығарып келген. Сот өмір бойына бас бостандықтарынан айырған екеуі қазір Беларусьте қаннен қаперсіз өмір сүруде. Бұл іс бойынша жалпы 28 адам айыпты деп танылған. Құрманбек пен Жәнібек Бәкиевтерден өзгелері бүгін сот залынан абақтыға жөнелтілді. 4 жылға созылған істің қорытындысы бойынша, айыптылар жазасын өтегенннен кейін де 3 жыл мемлекеттік қызметке орала алмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!