Семейде үйлену тойында қонақтардың неден ұшынғаны анықталды
Жұрттың жаппай ұшынуына тазалықтың сақталмауы себеп. Семейде тойға барып, ауруханадан бір-ақ шыққан адамдардың неден ұшынғаны анықталды. Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі таратқан мәліметке қарағанда, жалданған мейрамханада санитарлық талаптар сақталмаған.
Автор: Олжас Сайлаубекұлы
25.07.2014
Үйлену тойындағы жаппай ұшыну дерегі осы айдың басында тіркелген болатын. Қазір анықталғанындай, тойда қонақтарға бұзылған салаттар беріліпті. Таңертеңгісін әзірленген тағамдар аптап ыстықта күні бойы тұрған. Оның үстіне мейрамханадағы бір қызметкерлердің жұқпалы дертпен ауырғаны да анықталып отыр. Ол емделуге жіберіліп, мейрамханаға айыппұл салынған. Енді осы кемшіліктер түзетілмейінше көңіл көтеру орталығын уақытша жабу жағы қаралап жатыр. Айта кетсек, тойдан кейін 140 адамның 41-і өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен болатын. Олардың барлығы қазір ем алып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары