Жамбыл облысында белгісіз індеттен енді ірі қара арам қатып жатыр
Жамбыл облысында індет енді ірі қараға ауыз салды. Бас-аяғы бес күнде Жамбыл ауданындағы Аса ауылында бес бұқа сеспей қатқан. Малдың сары безгектен өлгенін мамандар бүгін ғана анықтап отыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
25.07.2014
Жандос Әлиев, Аса ауылының тұрғыны:
-Ойда -жоқта мал қырылып жатыр. Өзіміз малға қарап отырған адамбыз. Малмен тіршілік етіп, нанымызды тауып отырған едік.
Жандос Әлиев бірер күнде бес бірдей ірі қарасынан айырылды. Өгіздері бірінен соң бірі арам қатқан. Өзі дертке дауа таппай әбден сандалса керек, қолына түскен дәріні еге беріпті. Келген мамандары да мәнісін түсіне алмады деп отыр. Ал жауаптылар жануарлардың сары безгектен өлгенін тек бүгін ғана анықтаған. Малдың иесінен шағым түспеді деген шенділер, дер кезінде хабар берсе аурудың алдын алуға болар еді дейді. Мамандардың сөзіне сенсек, даурығуға негіз жоқ, індет жұқпалы емес. Мұндай дерт кене шаққаннан пайда болатын көрінеді. Айта кетейік, аталған ауданда осындай жағдай бұған дейін де болған еді. Яғни күні кеше ғана мұнда құрт ауруынан 60-қа жуық қой қырылып қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!