Шенеуніктер ішкі нарыққа Ресей туроператорларын жолатпаймыз деп уәде берді
Ішкі нарықты оңайлықпен бермейміз! Бүгін Көлік және коммуникация министрлігі осындай батыл мәлімдеме жасады. Себебі еліміздегі ең ірі туроператор «Гүлнар турдың» жұмысы уақытша тоқтатылған соң оның орнына ресейлік компанияның келетіні айтылған. Ішкі нарыққа оларды жолатпайтынын бүгін шенеуніктер ұзақ үнсіздіктен соң алғаш рет ресми түрде мәлімдеді.
Автор: Ербол Сейілхан
25.07.2014
Мереке Пішембаев, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі:
-Әрине, Қазақстан нарығына Ресейлік компанияның келуі қаупі бар. Бірақ өзімізде де қызметі жолға қойылған үлгілі туристік компаниялар жетеді. Қазір бұл мәселемен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы айналысып жатыр. Менің ойымша, біз ішкі нарықты оңайлықпен бере салмаймыз.
Тіпті вице-министр ресейлік компанияларға отандық туроператорларды ішкі нарықтан шеттетуіне жол бермейміз деді. Мұндай әңгіме еліміздегі ең ірі туристік компания «Гүлнар-тур» үлкен дауға қалғаннан кейін шыққан болатын. Негізсіз болмағаны да белгілі болып отыр. Ал «Гүлнар-тур төңірегіндегі дау басылар емес. Мыңдаған туристі Түркия әуежайларында қалдырған компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Туристерді 33 миллион теңге шығынға батырған компанияны тіпті Тұтынушылардың ұлттық лигасы сотқа да беріп қойды. Сөйтіп лицензиясынан айырып, мүлдем жабуды талап етпек. Ал клиенттерін сан соқтырған «Гүлнар турдың» басшысы Әли Исмайлов болса әлі қашып жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!